ЖСДП төрағасының 8 наурыз мерекесімен құттықтауы

ЖСДП төрағасының 8 наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті әйелдер қауымы!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар.

Бұл әлем көбіне тек сіздер үшін таза, нағыз және әділетті болуы тиіс. Сіздер өмірді жандандырып, шаңыраққа шаттық шуағын шашып, әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, ерекше рух сыйлайсыздар. Ал біз, ер азаматтар шексіз қолдауларыңыздан әрқашан шабыт алудамыз.

Біз, жаңарған және гүлденген Қазақстанды болашағымызға тапсыруға тырысудамыз. Сол елімізді, жерімізді қорғайтын батырларды дүниеге әкелгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Ардақты аналар, қыз-келіншектер, әріптестер сіздерге шын жүректен – денсаулық, қажымас қайрат, отбасыда береке тілеймін!

Құрметпен,

ЖСДП Төрағасы Жармахан Тұяқбай

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ