Жер дауын қоздыру кімге керек?

Жер дауын қоздыру кімге керек?

2016 ж. тарихи митингілерден кейін, бүкіл ел дүрліккеннен кейін жер мәселесіне қатысты заңдарға 5 жылға мараторий жарияланды.
Мараторий дегенді естіген жұрт сабасына түсіп, көпшіліктің саяси белсенділігі төмендей берді.
Сөйтіп жүргенде билік 26-бапқа түзету  енгіземіз деп,соны жұртшылықтың талқылауына жіберді. Онда қазақ жерін осында тұратын әркім(каждый) иеленеді деп жазылған болатын. «Әркімді» көрген жұртшылық әлеужелі болсын, өмірде болсын депутаттар мен билікті аяусыз сынап, жерін «әркім» сөзінен қорғаған батырлар көбейді. Сол жолы халық талқылауы тиіс тағы бір заң жобасы ол парламенттік билікке қатысты болды. Сол заң жобасы бойынша Сайлауда жеңген партия жетекшісі үкіметті басқарып, сол партия үкіметті жасақтауға мүмкіндік алады деп көрсетілді. Бұл  өркениетті даму жолындағы маңызды заң болушы еді, адамдар бұны жақсы түсінсе,қазір болмаса да таяу болашақта жетесі жеткендер партияға бірігіп,алдарына нақты мақсаттар қойып,билік үшін дұрыс бәсеке басталып, халық ояна бастар еді. Өкінішке орай көптеген қызба «шешендер» жұртты «әркім» деген сөздің маңайынан шығармады. Сол бапты талқылаған Астанадағы бір жиында
«әркімнен» басқа сайлау туралы өзгерістерге мән беру керектігін айтқанымда, жиналғандар бәрібір Нұр Отан жеңеді,одан да «әркімді» айт, жерді қорға -деп күлісті.
Сөйтіп жұрт ашуларын «әркім» сөзінен алып айыздарын қандырды.
Енді кеше депутаттар » Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге жалға берілмейді» депті. Жұрт қайта даурығуда, сонда шекара маңындағы жерлерден басқа жерлер не болады деп «үлкен» жаңалық ашып, депутаттардың қулығын әшкерелеп, енді бұл парламент таратылсын-деп бастама көтеріп,қол жинауда. Әншейінде үнсіз қалатын телеарналар да жер шетелдіктерге 49 жылға жалға беріліп кетуі мүмкін-деп отқа май құйғандай болып жатыр. Сонда елді дүрліктірген «әркім»‘, «шекара маңы» деген сөздерді кім қыстырып отыр? Оның аты жөні кім? Депутаттар кіммен,неге ойнап жүр?

ЖСДП Саяси Кеңесі Төралқа төрайымының ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі А.Б.Хайсин

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ