Жармахан Тұяқбай, ЖСДП партиясының төрағасы

Жармахан Тұяқбай, ЖСДП партиясының төрағасы

Құрметті әріптестер!

Бүгін біз дәл уақытында, дер кезінде жиналып отырмыз. Көпшілігіңіз бүгінгі «президенттік сайлау» атты сайқымазақ қойылымға деген көзқарасымызды басты басты мақсат етсек те,  мән беріп, ойлануды қажет ететін — партиямыздың болашағына қатысты  көкейкесті мәселеге назар аударғанымыз жөн. Партияны тек қана сақтап қалу тұрғысынан ойласақ, өрісіміз тарылады, сондықтан партияның саяси алаңдағы алдағы уақыттағы қызметін өркендету    арқылы, биліктің өтпелі кезеңіндегі шынайы күреске қалай дайын болуымыз керек?

Елімізді дамыту жолындағы өз идеяларымызды халыққа жеткізе қалай аламыз?

Бүгінгі  биліктің кесірінен елімізде орныққан күрделі жағдайда партияның абыройын сақтап, оның жұмысын қалай тиімді етуге болады? Елге оң өзгерістер әкелуге шамасы келетін заманауи саяси партиялар деңгейіне қалай көтеруге болады? Мені осы мәселелер соңғы жылдары көп ойландырды.

Ойлана келе түйгенім: ЖСДП-ның  белсенділігін арттырып, жұмыс істеу тәсілдерін түбегейлі өзгертіп,  мақсат-мұрттарына жету жолында ең алдыңғы қатарлы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданбаса, ел ішіндегі танымалдылығын, саяси бәсекеде жеңіп шығу қабілетін биіктете алмайды. Осы мақсатқа жету үшін және партияның келешегін ойласақ, оның басқару тетіктерін жастарға беруіміз керек. Сол қадамды өзімнен бастауым керек деп шештім.

Қорыта айтқанда, партияның төрағалығын босатуға шешім қабылдадым.

Бұл шешім біздің партияға жаңа екпін беріп, оны жаңғырту бағытындағы жаңа ой- ұсыныстар туындатып, өркендеуіне жол ашатынына мен кәміл сенемін!

Саяси алаңдағы жалғыз оппозициялық партия ретінде, ЖСДП өткен кезеңде елдегі авторитарлық жүйеге қарсы,  демократиялық баламаны ұсыну жолында қандай күрделі жағдайлар мен қауіптерді басынан өткізгендігін сіздер меннен де жақсы білесіздер. Соған қарамастан, біз партияны сақтап қалдық. Бүгін біздің партиямыз — Қазақстандағы демократиялық күштерге тірек болып тұрған жалғыз саяси күш.

Біз -бағдарламамыздың бір де бір құндылықтарынан бас тартқан емеспіз, бас тартпаймыз да! Бізге үміт артқан ел тұрғындарының    сенімін ақтау жолынан тайған емеспіз. Оны іске асыру үшін, Қазақстанда еркіндік пен әділеттікті орнату үшін билікке келуге ұмтылуымызды тоқтатқан емеспіз.

Қорыта келе айтарым, мен партияның болашағына нық сенемін және оның күрес жолында күш-жігерін аямай тер төгіп келе жатқан партияның белсенділері мен жақтастарына, демократиялық көзқарастағы барша қазақстандықтарға деген ыстық ілтипатымды білдіргім келеді.

ЖСДП-ның аймақтық филиалдардың басшылары мен мүшелеріне алғысым шексіз. Олар біздің партияның арқа сүйер тіреуі және сенімді серігі!

Олардың қатарында  марқұм болып кеткендер: Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Рахымберлин, Ақтөбе облысында филиал басшысы болған Климонов, қостанайлық партия белсендісі болған Соболев, партияның Жарғысы авторларының бірі, ғылым докторы Корзун, белсенділер -Маматраимов пен Шакебаев. Тағы басқа да аты аталмаған бақилық болған әріптестерімізді еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялайық.

Рахмет!

Бүгін біздің қатарымызда партияның құрылуына атсалысқандар- Жұмабай  Доспанов, Нұрлан Сейітжаппаров, Қадиша Мұқанова, Иван Булгаков, Григорий Тен, Әділ Жұмалыұлы, Майра Әбенова. Уақыттың сынынан өткен сенімді әрітестеріміз — Владимир Андриевский, Әбдікамал Әшімбеков, Сергей Богатырев, Валерий Смоквин, Нұртай Кожаханов, Марина Сабитова. Партияның жаңа толқыны, белсенді жастар — Мирамбек Камалов, Ләззат Бақтыбаева, Асхат Рахымжанов, Тазабек Самбетбай, Макиля Токсамбаева, Нұрым Нұрлыбеков, Ажар Сағындықова, Қуат Күнболатов.

Әрине, партияның барлық белсенді мүшелерінің атын атап өту мүмкін емес. Олардың күнделікті еңбегінің арқасында ғана біздің партияның алға жылжып, өркендеуі мүмкіндік туды.

Сонымен қатар мен партияның қоғамдық қабылдау орындарында қызмет көрсеткен  ерікті көмекшілерге, тәуелсіз журналистерге шын көңіліммен алғысымды жеткізгім келеді.

Көп жыл жанымда болып, партияның ұйымдастыру жұмысымен шұғылданған Ұлан Хандуллаевты, партияның. идеологиясы мен интеллектуалды негізін қалауға көп үлес қосқан — Максим Андрюшинді айтпай кетуге болмайды.

Қымбатты серіктестер, достар! Өткен 13 жылдың ішінде менің өміріммен партияның жетістіктері мен кемшіліктері сіздермен тікелей байланысты болды. Идеализмге  жол беріп, қателіктер жіберген кездерім де аз емес. Мүмкіншіліктерімізді асыра бағалаған, негізсіз ғайбат сөздер және қаралаудан құлазыған кездерім де болды.

Сіздердің ұсыныстарыңыз бен сұраныстарыңызды дұрыс бағалай алмаған кездерім болса, сіздерден кешірім сұраймын.

Ең бастысы — сөзім мен атқарған ісімнің барлығы партияның өркендеуіне, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсарып, еркін өмірге жетуіне бағытталғандығы үшін мен өкінбеймін. Тек осы шынайы сезім мен сенім және сіздердің қолдауларыңыз маған жігер беріп, алға жетеледі. Сол үшін де сіздерге көп рахмет!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ