Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ақтөбе облыстық филиалының мәлімдемесі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ақтөбе облыстық филиалының мәлімдемесі

Жақында, Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Қ.Жақсығалиев, мұғалімдерге тағы да бір қосымша қызмет жүктеу туралы ұсыныс берді. Өз ұсынысында, полиция басшысы жол көлік апатынан балаларды сақтау үшін, сабақ басталар алдында және сабақ соңында мектеп айналасындағы автокөлік жолдарындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарда мұғалімдердің кезекшілікте тұру қажеттігін айтты. Қ.Жақсығалиев, өз ұсынысын, әр жаяу жүргінші өтетін жерлерге полиция қою мүмкін еместігімен де түсіндірген болатын.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы, балалардың қауіпсіздігін бірінші кезектегі мәселе екенін түсіне отырып, күнделікті педагогикалық қызметтен басқа біршама қоғамдық шараларға тарттырылатын педагогтарды қосымша бір міндетпен жүктеуіне үзілді кесілді қарсы екендігін білдіреді. Жергілікті полиция басшысының бұл ұсынысын сынай отыра, мәселені шешу жолдарын қарастыруда жаңа тың идеяларды пайдаланып, халықаралық тиімді тәжірибелерге сүйенуге шақырады.

Педагогтардың өзіне тиісті емес міндеттермен жиі жүктелетіні жөнінде әуеліде білім және ғылым министрлігі де атап өтіп, азаматтық қоғам аясында кеңінен қолдау тапқан болатын. «ЖСДП» Ақтөбе облыстық филиалы, сол сияқты саяси жүйеге бағынышты боп келетін педагогтар қауымын сайлау науқанына пайдаланбауы жөніндегі ұсынысын, жергілікті биліктің бұл бағыттағы алғашқы қадамдарының бірі ретінде қабылдауға шақырады.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы, партияның бірде бір өкілінің облыстық деңгейдегі қоғамдық шешім қабылдау органдары мен алаңдарына қатыстырылмауына орай өз ұсыныстары мен мәлімдемелерін электронды ақпарат құралдары арқылы таратуға мәжбүр екендігін айта кеткен жөн.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ