Талдықорған: Болашаққа бізбен бірге барайық!

Талдықорған: Болашаққа бізбен бірге барайық!

Ақтөбеден бастау алып, Павлодарда жалғасқан Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Жастар қанатының аймақтық Форумы Талдықорған қаласында мәресіне жетті.

Еліміздің оңтүстігінде өткен Форумда – Жамбыл облысы, Алматы қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысының белсенді жастары бас қосты.

Жастар қанатының аймақтық форумының бірінші бөлімін ЖСДП Президиум Төралқа Төрайымы Зауреш Батталова – «Партия жастарының саяси көшбасшылығы» тақырыбындағы тренингінен бастау алды. Жастардың саяси өмірге деген құлшынысы артқаны,  Зауреш Батталованың көшбасшылық  тақырыбында өткізген тренингінен-ақ көрінді. Еліміздің саясаты туралы көзқарасы қалыптастасқан, көзі ашық, білімді жастраға төралқа төраймы өзінің өмірдегі тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі қоғамға мықты саяси күштердің және ЖСДП-ның қажеттілігін айтып, жастардың саяси алаңда ерекше орын алатынын жеткізді. Оған қоса, тренингте, демократиялық мемелкеттердің теңдік, гендерлік және жастар мәселелерінің шешілу жолдары бойынша сөз қозғалып, қызу талқылауға өтті. Талқылауда ЖСДП жастар қанаты мен әйелдер қанатының айырмашылығы мен сабақтастығы туралы төралқа басшысы толыққанды ашып, жіліктей шағып берді. Зауреш Қабылбекқызы форумда жастарда ерекше шабыт беріп, өскелең ұрпақты рухтандырғаны, жастардың саясатқа деген қызығушылығы одан сайын арта түсткендігінен білуге болады.

Салмақты да, байыпты, терең ой берген тренингтен ерекше рух алған — ЖСДП Алматы облыстық филиалы Жастар қанатының төрағасы Михаил Ким форум қатысушыларына «5 нақты қадам: ЖСДП Жастар қанатының жұмыс жоспары» атты стратегиялық жоспарлауын жастардың атсалысуымен жүргізді. «Жастар қанатының жұмысын жоспарлау барысында «Жастардың партиядағы көшбасшылығы: келешегі мен проблемалары» атты панельдік пікірталасы қызу талқыға салынды. Оған қоса, Жас социал-демокарттар Жастар қанатының жоспарын талқылау уақытында, жастар халықаралық тәжірибелерді ескеріп,  бірегей жұмыс жасау әдістерін ұсынды. Аталмыш ұсыныстар Ақтөбе және Павлодар қалаларында өткен форумда көтерілмегенін атап өтуге болады. Стратегиялық жоспарлауды еркін түрде жүргізген Михаил, оппозициялық жастардмен жолығатын басты проблемаларын көтеру арқылы, олардың шешілу жолдарын бірігіп қарастыруын ұсынды. Қатысушылар бұл мәселені толыққанды талқылау барысында, биліктің жастарға жасайтын қысымы жайлы тоқтады. Осы мәселеге қатысты жастар қанатының форумы басталмастан бұрын Михаилдың өзін салық комитеті мазалап, кенеттен форумға қатысуға ниет білдірген студенттерге Астанадығы ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға тегін жолдама берілгенін атап өтті.

Жастар биліктің жас саясаткерлерге жасаған әділетсіз амалына төтеп беретін іс-қимылдар сұлбасын ұйымдастырды:

  • палық тексерісі туралы қоғамға жария ету;

  • партия белсенділерінің қолдауы. Кім болмасын, құқыққорғау, күш көрсету органдарының қысымының астында қалған жағдайларда жазғыз қалмауы тиісті. Сондықтан да, қатысушылар осыған ұқсас жайттарда партия белсенділеріне хабарласып, кеңес алуды шешті.

ЖСДП-ның Алматы қалалық филиал төрағасы Тазабек Сәмбетбай партияның қарапайым халыққа жасаған және жасап келе жатқан көмегі туралы айта кетті. Мысалға, биліктің кесірінен баспанасынан айырылған 7500 алматылықтар социал-демократтардың көмегімен үйлерін қайтарып алды. Алматы филиал төрағасы партия жұмысы бойынша осындай мысалдарды келтіріп, партиямыздың билікке келіп, елімізде болып жатқан немқұрайлықты жоятынына жастарға сенімділікпен айтып, лаулап тұрған рухымен бөлісті.

Форумды аймақтық жас көшбасшыларға Facebook әлеуметтік желісін қолдану тәсілдері және оның қауіпсіздігі туралы жүргізілген тренинг қорытындылады. Тренингтің мақсаты:

  • жастардың желілік құралдарды дұрыс пайдалана отыра билікке ықпал етіу;

  • партияның жұмысы, жетістігі, хабарландыруы мен жаңалықтарын халыққа жеткізу;

  • билктің қоғамдық маңызы бар мәселелердің шешешуіне ықпал ету;

  • жақтастарды және жастарды партияға мүше болуға шақыру;

Шараның аяқталу барысында партияның Бағдарламасы және Жарғысымен танысуға ықыласын танытқан қатысушы журналистер, социал-демократтардың қандай құндылықтарды негізге алып отырғаны қызықтырды. Олардың партияға танытқан қызығушылығы – елімізде сөз бостандығының әлі күнге дейін болмағандығы туралы дөп басып айтуға болады. Дәл осы себептерге байланысты Қазақстандағы жалғыз оппозициялық партия бұқаралық дереккөзі, газет-журнал, теледидар жағалықтарынан ажыраған. Жақсы өмір сүрек — тек қана ЖСДП емес, барлық халықтың арманы, бірақ, миллиондаған қазақстандықтар тоталитарлық биліктен жарқын болашақты күтіп отыр. Болашаққа бірге барайық – ЖСДП-ға қосыл!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ