Төралқаның талабы

Төралқаның талабы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Төралқасының мәлімдемесі

Қазақстанның жарты бөлігін бойлаған жайылма судың мөлшерінен тыс тасуы, тек қана табиғи апаттардың салдарынан емес, су тасқынының алдын алатын техникалық инфрақұрылымы, болжау жүйесі мен методикасы, хабарлау және құтқару әрекетінің дайын болмағандығының нәтижесі, деп санайды біздің партия.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, топан судың басуына технологияның уақытылы, мерзімді және дұрыс қолдану тәсілдері жайылма суға төтеп берудің болатындығына көзіміз жетіп отыр. Бүгінгі күнде  аз болжамды табиғи апаттарға қарағанда, тасқын су апатынан әлде қайда тиімді қорғануға болатынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар жыл сайын осы проблеманы бастан кешіп отыр. Ғылыми ұйымдастырушылық пен мемлекеттік шешім табудың жоқтығы, осындай апаттық жағдайлардың алдын-алуына көңіл бөлмегендігін, шала дайындалғанын ақиқат көрсетіп отыр.

Ауа райының күрт өзгеруі мыңдаған қазақстандықтардың мүлігі мен өміріне қауіп-қатер тигізуде. Бұл жағдайдан шыға келе, ЖСДП үкіметтен келесі шарттарды орындауын талап етеді.

  • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар комитетінің апаттарды алдын алу және құтқару мүмкіншілігін толыққанды тексеріп, барлық гидротехникалық инфрақұрылымды, су бұрғыш және су іркуіш құрылыстың инвентаризациясын жасап, қорытынды нәтижелерін халыққа жариялауды;
  • Ауа райының үдемелі өзгеру проблемаларын есепке ала отыра, су тасқыны болар алдында төтенше жағдайлар туралы ескертулер бойынша, жан-жақты ғылыми негізделген, мемлекеттік қаржыландырудан қолдауы бар іс-шаралар жоспарын дайындауды;
  • Су басу қаупі бар және су астында қалған елді мекендердің халқын қауіпсыз жерге көшіріп, тиісті тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды.

25 сәуір, 2017 жыл.

 

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ