Шикізат бағасына тәуелді экономика дағдарысқа бейім

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Елдегі дағдарыстық жағдайдың аймақ өміріне тигізетін әсері» атты азаматтық тыңдау өтті. Тыңдау жұмысына өңірдегі азаматтық қоғам, БАҚ өкілдері мен бір топ қала жұртшылығы қатысты. Жиынды бастаған филиал жетекшісі М.Камалов тақырып төңірегінде дағдарыстың Ақтөбе өңіріне тигізіп жатырған кері әсерлері турасында, оның ішінде әлеуметтік экономикалық ахуал, орта және шағын бизнес тағдыры, күнбе күн өсетін тауарлар мен қызметтер, жұмыссыздық, ЕАЭҚ теңсіздігін және адам құқының басты элементі сайлау Заңы бұзылатынын, сайлау комиссияларына ЖСДП өкілдерін өткізбеу мәселелерін қамтыған баяндамамен бастады. Кейіннен сөз алушылар, дағдарыс әсерлерінің өздерінің күнделікті өмірінде орын мысалдарымен саптай түсті. Сөз алушылар қатарынан, азаматтық белсенді Г.Төлемісова ел басындағы қиыншылық кезеңінде жұмылуға шақырды, ЖСДП облыстық Кеңес мүшесі С.Шакибай қарапайым халыққа күнелту қиынға соғып жатқанын, Б.Қалаубай мұнай компаниясындағы жұмыс орындарының қысқарулары, Е.Кулбасов ауылдағы жұмыссыз жастар мен кәсіпкерлер мәселесін, А.Аймағамбетов жұмыс беруші тарапынан жасалған заңсыздықтар, С.Селбаева көп балалы ата аналар қамын қамдап сөйлесе, өзгелері де бекітілген тақырыпқа сай өз пікірлерін білдірді. Аталмыш кездесуге ЖСДП президиумының мүшесі Тазабек Самбетбай қатысып, дағдарыс жағдайы жөнінде тұшымды ақпарат беріп, қатысушылар сұрағына жауап берді. Жиынға қатысқан мемлекеттік мекеме өкілі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша жағдайлар жасалып жатырғанын айтып, осы текті тақырыптарды талқылауға мемлекеттік мінбеден алаң беруге дайын екендігін мәлімдеді.

2 Жиын соңында филиал төрағасы М.Камалов айтылған пікірлерді қорытып, қатысушыларды өңірдегі дағдарыс әсерлерінің төмендету жолындағы іс шараларға аса назар аударуға шақырды.

Облысымызда 60 мыңға жуық орта және кіші бизнес субъектілері тіркелген. Оларда 130 000 адам жұмылған. Қазіргі таңда Ақтөбелік кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берілетін субсидиялардың арқасында біршама кәсіпкерлер өз кәсіптерін ұстап қалуда. Кәсіпкерлер көбінесе көптеген заңдардағы шикіліктермен кездесіп, өз мәселелерін заңсыз жолмен шешуге талпынады. Бизнес үшін жер телімін алу үшін бірнеше ай мемлекеттік мекеме есігін тоздырып жүресің. Әр мекеме өз рұқсатын беру үшін біршама құжат сұрап, кәсіпкерлерді абыржытып жіберетіні сөзсіз.

Осы саланы реттейтін заң актілерінің жетілдірілмегендігі сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, тағдыры шенеуніктердің қолына түседі. Сонымен бірге, кіші бизнесті дамыту жолында, кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексерулердің құрбанына айналып отыр. Осындай тексерулер көп болған соң, өткен жылы мораторий жарияланған болатын. Дегенмен де, қазірдің өзінде уәкілетті мекемелер тексеріс жүргізудің өзге де амалдарын ойлап табуда. Қандай да бір кәсіпкер, мемлекеттік органға жолап кетсе болғаны, одан құтылғанша асығады. Не болмаса, ісін жандандыру үшін пара беріп амалын табатындар да болады. Ал орта және шағын бизнесті дамыту үшін несие алу мүмкіндігі бойынша біз 89-шы орындамыз. Біз қандай жағдай болмаса да, орта және шағын бизнесті дамытудың нақты амалдарынсыз ештеңеге жете алмаймыз. Бірнеше жылдан бері, облыс басшыларының сөзін алып қарасаңыз дамып келеміз, гүлденеміз деп атой салады. Қазір қандай жағдай? Әлі сол, енді гүлденеміз, келер жылы керім болады деген сияқты сөздермен құтылып кетеді. Бірақ жағдай бұрыңғыша, өзгеріс жоқ.

3Өткен жылы президенттің өңірге жасаған іссапарында өңдеуші саланың өндіруші салаға қарағанда баяу дамып жатқанын, ауылшаруашылығының да ақсап тұрғанын, соңғы үш жылдың өзінде аймаққа 800 млн доллардың азық түлігі импортталғанын, 90-жылдармен салыстырғанда өндіруші сала 78% болса, ал өңдеуші сала 22% дейін түсіп кеткенін атап айтқан. Біздің партия ең шектеулі өмір сүрудің нақты өлшемінің өз ай сайыңғы мониторингін жүзеге асыруда. Соған байланысты, таңғы, түскі және кешкі ас ішуге жұмсалатын азық түлік жиынтығын жасадық. Ол бағаларды ең танымал әмбебап дүкендер мен базарлардағы бағаларынан алынды. Бұл есепке азық-түлік бағамдарымен қатар банкке барып төлейтін коммуналдық төлемдер кірген болатын. Сол есепке сай, күнкөрістің ең аз құны үкімет бекітіп отыратын минимумдардан ғана емес, тіпті орташа жалақы мен зейнетақының ресми деңгейінен де төмен екен. Ең қызықтысы, үкімет коммуналдық төлемдер ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің 40% бөлігін құрайды. Соған байланысты статистикалық мәліметтермен қулық жасауды доғарып, ең төмеңгі күнкөріс деңгейін африкалық стандарттармен емес, Қазақстанның географиялық және климаттық жағдайларына келтіріп қайта бекіту керектігін айтамыз.

Кейбір монополист коммуналдық мекемелердің басшыларының сөзінше, біз бағаны қазіргіден екі есеге дейін көтерсек те, бұрыңғы желілерді жаңарта алмайтынын айтқан болатын. Сонда мынандай сұрақ туады. Осы уақытқа дейін әкімшілік не бітірген? Не болса да, ақша жетпейді деп жылағаннан басқа дым білмейді. Айта келе, қазірдегі мұнай бағасының төмендеу процесінде онсыз да сарқылып келе жатырған қазба байлықтарымыздың түсіміне ауыз ашу экономикамызды тығырыққа тірері сөзсіз. Сонымен бірге, ЕАЭО тарапынан тек шегіп жатырған зардаптарымыз тағы бар. Жалпы айтқанда, баға мен тарифке бақылау жасай алмайтын халге жеттік.

Әлеуметтік сала дамыған мемлекеттерде жоғары табыс табатындар мен ең төмен табыс табатындардың айырмашылығы 5 еседен асып кететін болса, ол критикалық жағдай болатын көрінеді. Ал Қазақстандағы бұл айырмашылық 30 еселенген көрсеткіште. Яғни, халықтың 80% тек ғана күн көріп жүр деп айтуға болады. Қалған 20% өмірдің рахатына бөленіп жүргендер деп айтуға болады. Олар: ірі бай-шонжарлар, ірі шенеуніктер, жемқорлар мен олардың жақындары. Ақтөбе өңірі ірі өндіруші компанияларға толы өңірге жатады. Бүгіңгі мұнай бағасының түсуі компанияның шаруашылық қызметіне қиындықтар тудырып отыр. Салдарынан, көптеген жұмысшылар қысқартуға немесе 50% жалақы алу жүйесіне көшірілген. Осы секілді әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешпесе, оның арту ушығып кетуі мүмкіндігі зор.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалына түрлі түрлі әлеуметтік, тұрмыстық, құқықтық т.б. мәселелерімен азаматтар шағымданып, көмекке жүгінеді. Өз кезегінде, филиал аппараты қабылданған шағымдар бойынша тиісті уәкілетті органдармен қатынас орнатып, белсенді партия мүшелерінің араласуымен мәселелерді шешуге түрткі болады. Сонымен бірге, партия филиалы, қоғамдық қабылдаудың көшпелі отырысын өткізіп тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың арасында және тұрғындар арасында партия идеологиясын жүргізеді.

Мейрамбек КАМАЛОВ,

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ