Сайлау заңына тағы да өзгерістер еңгізілмек

Сайлау заңына тағы да өзгерістер еңгізілмек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ҚР Әділет Министрлігінің 2018 жылы 7-ақпан күні жарияланған  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы зерттеліп, партия мүшелерімен кең талқыға салынуда.

Өткен аптада ЖСДП-ның қалалық және облыстық филиал төрағалары аймақтарда аталмыш тақырыпқа пікірталас өткізген болатын. Пікірталас барысында заңгелер мен белсенділер сараптама жасап, тетіктерін тауып, кейбір баптарында келеспеушіліктері барын дөп басып айтты. Партия ішінде қызу талқыға салынған “Сайлау туралы” жаңа заң жобасының баптарына толықтырулар мен өзгертулер еңгізілуі төралқа мүшелері мен филиал төрағаларын бей-жай қалдырмады.

Ақпан айының 27 күні ЖСДП төралқа мүшелері мен аймақтық филиал төрағалары бас қосып, ҚР Әділет Министрлігінің ұсынып отырған заң жобасы мен ҚР-ның “Сайлау туралы” заңын салыстырып, жаңа жобаны зерделеп, келісетін және келіспейтін жақтарын айқындады.

Бір қуантарлық жайт, бірнеше жыл бұрын Орталық сайлау комиссиясына ЖСДП атынан “Сайлау туралы” заңға байланысты берілген кейбір ұсыныстар жаңа жобаға енді” – дейді талқылау жиынына қатысушылар.

Дегенмен, заң жобасы Әділет Министрлігінің сайтына шыққанымен Парламент отырысында әлі талқыланбады. Аталмыш заң жобасының таныстырылым уақыты да белгіленбеген. Социал-демократтар Парламент жұмыс отырысында партия шешкен ұсыныстарын беріп, өздерінің ұстанған позициясын бар күшімен қорғауға дайын тұрғындарын сеніммен айтты.

ЖСДП баспасөз бөлім

 

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ