Реформалар неге социал-демократиялық болуы тиіс

Реформалар неге социал-демократиялық болуы тиіс

Социал-демократиялық идеология – адамзаттың басты саяси жетістіктерінің бірі болып табылады. Ол озбырлық әрекеттер арқылы емес, келісім мен әлеуметтік әріптестік негізіне сүйенген жоспарлы өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын әділетті қоғам туралы бүкіл әлемдік идеялардың даму нәтижесі.

Социал-демократиялық партиялардың халықаралық бірлестігі – Социалистік Интернационалдың берген анықтамасы бойынша: социал-демократия – бұл «парламенттік демократия мен құқықтық мемлекет негізінде жасаған әр қадамын кемшіліктер мен таптық бөлінуді жоюға бағыттайтын, мемлекетте, экономикада және қоғамда демократияны жүзеге асырып… сонымен қатар жеке және рухани бостандықпен қамтамасыз етіп, сол арқылы өз құндылықтары — еркіндік, әділеттілік пен ынтымақтастыққа қол жеткізіп, қорғайтын қоғамдық үлгі».

Іс жүзінде, социал-демократия одан да маңызды тарихи міндетті орындауда. Атап айтқанда, бүгінгі күні басымдық танытып отырған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан артта қалған елдер есебінен өмір сүріп отырған тарихи болашағы жоқ алыпсатар-өсімқор капитализмді біртіндеп өзгертіп, оның орнына халықаралық қарым–қатынаста әділеттік орнатып, нарықтық экономикаға алдын-ала ойластырылып жасалған мемлекеттік реттеулер арқылы   барлық адамзаттың жаппай, жан-жақты және тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, материалдық игілікті олардың әл-ауқатының ұдайы өсуі үшін әділетті түрде бөлуді жүзеге асыруды мақсат етеді!

Жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын бейбіт түрде талап етуімен өзін-өзі ұйымдастыру идеологиясы түрінде 19 ғасырдың ортасында пайда болған социал-демократия біртіндеп келе әлемдегі ең бір алдыңғы қатарлы саяси күшке айналды. 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек ету жағдайына жоғары талаптар қою, тәуелсіз кәсіподақтар, ұжымдық келісімдер,  еңбек демалысы мен еңбекке жарамсыздығы үшін төлем жасалуы, мемлекет пен жұмыс берушінің өз әлеуметтік міндетін түсінуі, саяси бостандықтың дамуы, гендерлік теңқұқылық – міне, осының бәрі социал-демократияның жеңісі.     Жаңа тарихы көп жағдайда социал-демократиялық реформалар нышанымен жүзеге асқан мемлекеттердің бүгінде дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер қатарына жатуы тегін емес, олардың қатарына – Швеция, Финляндия, Германия, Англия, Франция, Дания, Нидерланды және т.б жатады. Соңғы жүз жылдағыдай, бүгінде бұл идеялар әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген елдердің даму стратегиясын анықтап, сол арқылы дүниежүзілік саясатта болып жатқан «солшылдық бетбұрыстың» негізі болып тұр.

Бүгінде социал-демократия құндылықтарының, «Еркіндік, Әділдік, Ынтымақтастық» деген біздің ұранымыздың жүзеге асуы Қазақстан үшін тек өзекті мәселе болып қалмай, өмірлік маңызы бар талапқа айналып отырғанына біз сенімдіміз!

Қазақстанның шикізатқа тәуелділігін тудырған түрлі қауіп-қатер мен дағдарыстарға жауап ретінде – мемлекет егемендігі және қазақстандықтардың өмірін жақсартудың қайнар көзі болып табылатын тек қана қазіргі заманғы және бәсекелестікке қабілетті жасампаз экономика!

Қоғамда шиеленістің өсуіне, азаматтардың өз елін жатсынуына әкеп соғатын әлеуметтік қорғансыздыққа жауап ретінде – «адам үшін», оның мүдделері үшін аса маңызды әділдік принциптерін жүзеге асыратын әлеуметтік жауапты мемлекет құру болып табылады!

Билік пен халықтың арасындағы әлеуметтік және ділдік шыңырауға жауап ретінде, билеуші топтың шексіз бақылаусыздығын, өз елін басқаруда халықты шеттетуді тоқтату үшін – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен толықтай дамуының кепілі ретінде институционалдық демократиялық жүйе құрудан басқа тарихи жол жоқ!

Халықтың мұқтажы мен еліміздің стратегиялық мүдделерін басшылыққа ала отырып, социал-демократияның миссиясы мен рөліне сенім артып, оның ең озық әлемдік практикалық тәжірибесін жинақтай келе – біз Қазақстан халқына өзіміздің Социал-демократиялық баламамызды ұсынамыз!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ