Оралмандар Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны қолдайды

Оралмандар Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны қолдайды

Бүгін Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Жармахан Тұяқбай, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов, Айдар Әлібаев, Рахым Айыпұлы, Құрманғазы Рахметов, Тазабек Сәмбетбай сайлаушылармен кездесті. Жиынға қатысқандардың басым көпшілігі шетелден атажұртқа оралған қазақтар мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар болды.

IMG_8173ЖСДП-ның төрағасы Жармахан Тұяқбай партияның дағдарысқа қарсы сайлауалды бағдарламасында оралмандардың проблемалары кеңінен қамтылғанын сөз етті. Оның ойынша, шетелде тұрып жатқан қазақтардың атажұртқа бет түзеген көшіне кедергі көп. Оларды қоғамға бейімдеу, орналастыру бойынша да көптеген проблемалар шешімін таппай келеді. Қазақ қоғамындағы осы бір түйткілді көре отырып ЖСДП бейтарап қала алмады. Партияның бағдарламасына ораламандар мәселесі, оны оңды шешудің жолдары арнайы бап ретінде енгізілді. Мәселені жан-жақты зерттеп, оның байыбына тереңдеп, еш нәрсені ескерусіз қалдырмау үшін ЖСДП оралман қазақтардың «Жебеу» қорымен тығыз жұмыс істеп келеді. Бұл қордың жетекшісі Рахым Айыпұлы партияның Саяси кеңесі мен Төралқасының құрамына кірді. Алдағы сайлауда ол ЖСДП атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынылып отыр.

 

IMG_8204Жиынға келген Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қабдеш Жұмаділов өзінің де 60-шы жылдары шекарадан бері асқан оралман екенін, атажұртқа бағытталған көштің басынан өткерген қиыншылықтарын әңгімеледі. Ол әлем қазақтарын көк тудың астына, атажұртқа жинауға өз үлесін қосып жатқан ЖСДП басшыларына рахметін айтып, сайлауда осы партияны қолдауға шақырды. «Жұрт банкідегі ақшасы мен қорадағы малын санайды. Өз басым, шекара асып келгеннен бері қазақты санап жүрмін… Қазақ көркейсін, іргеміз берік болсын десек, əлі де санымызды көбейтуіміз керек. Жармаханның партиясы – көші-қон саясатын көтерген бірінші партия. Және тұңғыш рет оралман қандастарымыздан Мәжіліс депутаттығына үміткер ұсынған партия. Сол үшін де бұл партияны қолдаймын» деді ол.

IMG_8190

 

 

 

 

 

ЖСДП-Инфо

7 комментарии

  1. лолита дойнеко

    Сәттілік тілеймін бұл партияға. Жеңіске ең мықтысы жетсін

  2. әрине осы айтқан сөздерінде тұрса, осы партияға дауыс береміз. Сәттілік тілеймін

  3. Көптің атынан бұлай сөйлегендері дұрыс емес. Ормалман бауырларымыздың пікірі сан алуан. Сондықтан әр түрлі партияға дауыс береді.

  4. Кімнің қандай партияға дауыс беретіні заңдық тұрғыда өз еркінде. Сондықтан бұлай айтуға әрі ерте ғой.

  5. Мына мақаланы оқып отырып аздап күлкім кеп кетті. Партия өз сайтына халықтың атынан осылай мақала шығара ма? Ұяттау екен.

  6. Мен мысалы оралманмын. Бірақ бұл партияның жұмысымен жіті таныс емеспін. Сондықтан дауыс берем деп те айта алмаймын. Менің атымнан бұлай айтпаңыздар.

  7. Оралман қауымның да пікірі бар шығар. Олай сырттан бәрін бір партияға тыға салуға болмайды. Өз басым басқа партияға дауыс беремін.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ