Мектептерде ақша жиналуына қарсымыз!

Мектептерде ақша жиналуына қарсымыз!

Еліміздің мектептерінде әр-түрлі мақсаттарды сылтау етіп, ата-аналардан ақша жинау даулы мәселеге айналғаны белгілі. Соған қатысты 20-қыркүйек күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партясының Білім беру мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңесінің «Мектептердегі ата-аналардан ақша жинау» тақырыбында Қоғамдық пікірталасы өтті. Отырысқа заңгерлер, журналистер, құқық қорғаушылар және ЖСДП Төралқа төрайымы мен аймақтық филиал төрағалары қатысты. Қызу пікірталас еліміздің мемлекеттік мектептерінің ата-аналардан мектеп және сынып қорына заңсыз ақша жинау мәселесінен басталды.

Орта білім ордаларында болып жатқан заңға қайшылықтарды бір емес, бірнеше рет көтеріп жүрген ЖСДП Төралқа Төрайымы Зәуреш Батталова былай деді: «Әр мектепке мемлекет тарапынан қаражат бөлінетіне қарамастан, біздің білім ордалары ата-аналардан ақша жинайтыны туралы қоғамда қызу талқылауға салынып жатыр. Бұндай заңсыздықты қолға алу керек. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап ЖСДП Төралқасы мектептердегі ақша жинау мәселесін толықтай анықтап, зерттеп, тоқтатуға бар күшін салады. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестерді де тексеруге дайынбыз».

Оқу жылы басталғалы бері әлеуметтік желілерде ата-аналардың мектептерге қатысты жазған шағымдары көбейе түсуде. Мысалға, пікірталасқа қатысушы журналист, Фейсбук желісінде жазылған ақпаратты талқыға салды. Постта былай жазылған: «Шымкенттегі бір мектепте «еден жууға» деп ай сайын әр сыныптан 6-7 мың теңге жиналады» — деді. Бірі ғаламтор желісін бақылап мысал келтірсе, бірі керісінше кейбір ата-аналардың мектептің ақша жинауын қолдап отыр, өйткені өзінің балаларының жайлылығын жоғары қояды деген пікір қосты.

Шынымен де бірі жақтап, екіншісі даттағанмен әр ортабысның әлеуметтік жағдайы тең еместігі бәріне мәлім. Ай сайын сынып қорына ақша тапсыру әр ата-ананың қолынан келе бермейді. Білім беру мекемелерінде ата-аналардан жөндеу, еден жуу және тағы да басқа мақсаттарда ата-аналардан ақша жиналуына Социал-демократтар «Мектептерде ақша жиналуына қарсымыз!» — деген ұранмен күрісті бастауға дайын екендерін айтты.

Білім беру мәселелері бойынша ЖСДП-ның Қоғамдық Кеңесінің мүшелері барлық айтылған заңға қайшы келетін сәттерді тұжырымдай отыра, Социал-демократиялық идеясы бойынша жұмыстың төрт бағытын жобалады.

Кеңестің әр мүшесі, әр облыстың мемлекеттік мектептердігі жемкорлықты, мектеп немесе сынып қорына заңсыз ақша жинау фактілерін белгілеп, олармен күресуге дайын екендерін көрсетті. Қызу пікірталастын қызу корытындысын күтеміз.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ