Мəслихаттарды құраудың пропорционалды  нұсқасы: саяси инфантилизмнен қалай құтылуға болады?

Мəслихаттарды құраудың пропорционалды нұсқасы: саяси инфантилизмнен қалай құтылуға болады?

ҚР Əділет министрлігінің ресми сайтында, «Сайлау туралы ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы жəне «Сайлау туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жарияланған болатын.
Бұл жобалардағы негізгі жаңалық, Мəслихат депутаттарын сайлауда пропорционалдық сайлау жүйесіне көшу туралы ұсыныс болып табылады.
Жобаны жасаушылар Конституциядағы 9-шы баптың 2-ші тармағын былай түземек:
2.Мəслихат депутаттары жергілікті сайлау округі бойынша, саяси партиялар ұсынған партиялық тізім бойынша сайланады.
Біз, ҚР-да қазіргі жағдайда, мəслихат депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу жарамсыз деп санаймыз, өйткені:
 1) Сайлану құқығын белсенді іске асыру, азаматтың саяси бағытына тəуелді болып қалады.(егер ол саяси партияда жоқ болса, онда ол өзінің Конституцияда жазылған сайлану туралы құқығынан айрылады)
2) Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына ат салыса алмай қалады. Сол жердің шаруасына(көше тазалығы, көгалдандыру,су жүйесі т.б) саяси реңк керексіз. Ондай шаруалар Нұр Отандық, Ақжолдық, ЖСДП-лық т.б бола алмайды.
3)Мəслихаттарды қалыптастырудың механизмін мəжіліске ұқсас қылып жібереді.
4) Сайлау барысы толықтай жергілікті атқарушы биліктің уысына түседі.
Қазір мəслихатқа бірен-саран өзін-өзі ұсынған тəуелсіз кандидаттар өтіп жүрсе,сайлаудың пропорционалды жүйесіне көшкен соң, жергілікті билік не қаласа-сол болатын болады. Бұл жүйе əкімшілік пен ішкі саясат бөлімінің жұмысын «жеңілдетуі» мүмкін, бірақ елімізді демократиядан алшақтататыны сөзсіз!
Егер,мəслихаттар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасалса, онда олар бірыңғай орталықтанған партия жүйесіне енеді. Қазір Сенаттың депутаттық құрамы Мəслихаттар депутаттарының жабық сайлауы арқылы құрылатыны белгілі. Егер мəслихат депутатын пропорционалды сайлау жүйесі енсе, онда парламенттің жоғары палатасы, өңірлердің мүддесін қорғаушы өкілдердің орнына, партия басшылығына тəуелді, тағы-бір, саяси партия институтына біржола айналады.
Сайлау комиссияларының құрамын жасақтау механизімін жасауға арналған маңызы зор өзгерістер жобасын да талқылау керек. Мəселе мынада, Сайлау комиссияларының құрамын жасақтау туралы ұсыныс «Сайлау туралы» Конституциялық заң  жобасында 3-ші бап, 10-шы тармақта былай көрсетіледі: Сайлау комиссияларының құрамына кіретін азаматты, саяси партиялар, Орталық сайлау комиссиясы(ОСК) берген «Сайлауды ұйымдастырушы» деген сертификаты бар азаматтардан ұсына алады. Осыған қоса жоба жасаушы «Сайлау туралы» Конституциялық заң жобасының 12-ші бабын 16-5 тармақтарымен толықтыру керек дейді. Ол бойынша азаматтардың сайлау заңнамасын білулері, сертификаттауды өткізу жəне «Сайлауды ұйымдастырушы» сертификатын тапсыру бойынша, ОСК- сертификат беру тəртібін анықтайды.
Заңның астарында ғана байқалатын осындай нормашығарушылықтан- азаматтардың Конституциялық сайлау жəне сайлану құқығының толыққанды жүзеге асуы, сайлау комиссияларының құрамына, партияның атынан дені дұрыс, белсенді, оппозициялық көңіл-күйдегі азаматтардың ену-енбеуіне тəуелді болып қалуы мүмкін деген қауіп туады.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 104 бабындағы жаңа түзету бойынша, сайлау барысында «ұжымдық жауапкершілік» тəртібі енгізілген. Аймақтық сайлау комиссиясы мынадай жағдайларда партиялық тізімді тіркемейді немесе тіркелген тізім туралы шешімнің күшін жоя алады:
» Саяси партия, партиялық тізімді өткізгенде дөрекі қателіктер жіберсе, тіркеуге қажетті құжаттарды өткізбесе;
Партиялық тізімді тапсырушы саяси партия, тізімдегі үміткерлер жəне олардың сенімді өкілдері тіркелмей жатып үгіт жүргізсе;
Соттың шешімі бойынша, үміткер мен оның сенімді өкілдері, басқа үміткер туралы оның ар-ұжданына, кəсіби беделіне нұқсан келтіретін мəлімет таратқаны туралы факт болса;
Партиялық тізімнен, тізімдегілердің елу пайызынан артығы шығып кетсе;
Соттың шешімі бойынша, партиялық тізімді тапсырған партияның немесе оның сенімді өкілдерінің сайлаушыларды сатып алу фактісі орын алса;
Осы,Конституциялық заңда белгіленген тағы басқа жағдайларда»
Бұл аздай, жобаны жасаушы «партиялық тізімді тіркемеу туралы шешімді өзгертуге немесе бұрын тіркеуден шығарылған партия тізімін қайтадан қалпына келтіруге, сайлауға екі күн қалғанда рұқсат берілмейді» дегенді қосқан. Бұл, егер саяси партия сотта өздерін тіркеуге алмағандарының заңсыз екенін дəлелдесе де «сайлауға екі күн қалғанда» деген нормасы оның құқығын қалпына келтіруге жол бермейтінін білдіреді.
«ҚР Сайлау заңының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңы бойынша  2014ж. 5.06. күні шыққан ҚРЗ номері 235- v.  ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады: онда «Əкімшілік құқықбұзушылық туралы» айтылып,  өзінің табиғатынан құқықбұзушылық болып саналмайтын əрекеттерге жауапкершілікті күшейтеді.
120 КоАП ҚР деген бапты былай түзеткен:
«120 бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын өткізу жағдайының бұзылуы.
1. Бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар жəне заңды тұлғалар, қоғамдық пікірді білу мақсатында жасалған сауалнама нəтижелерін жариялау тəртібінде, сайлау нəтижелерін болжау, сайлауға байланысты т.б зерттеулерде,  сауалнама жүргізген бірлестіктің атауы, оған тапсырыс берушілер мен ақысын төлегендер, сауалнаманың уақыты, мəлімет жинақтау əдісі, сұрақтың анық қойылмауы, сауалнама алынғандардың саны мен нəтижедегі болуы мүмкін ауытқу коэфицентінің көрсетілмеуі — жеке тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
2. БАҚ- тарда қоғамдық пікірді білдірген сауалнама нəтижелерін, сайлау нəтижелеріне болжамдарды, сайлауға байланысты басқа да зерттеулерді жариялау, үміткерді немесе саяси партияны қолдап интернетте дауыс беру, сайлауға 5-күн қалғанда жəне сайлау күні жүргізілсе , сондай-ақ, Сайлау өтіп жатқан орында қоғамдық пікірді білмек болып сауалнама жүргізу — жеке тұлғаларға 10, заңды тұлғаларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Қоғамдық пікір сауалнамасы, сайлау нəтижесі туралы болжам жасау т.с.сияқтыларды сайлауға 5 күн қалғанда тоқтату туралы қатаң тиым  неге байланысты жасалады? Егер, заң жобасын жасаушы, қоғамдық пікір сауалнамасын жариялау, сайлауалды үгіт түрі деп есептесе, онда ондай жарияланымның «5 күндік тиымы» қаншалықты дұрыс? Конституциялық заңның осы нормасы «ҚР Сайлау туралы»Конституциялық заңының 27 бабының 2-ші тармағына қайшы келіп тұр, онда » Сайлау болатын күннің алдыңғы күнгі  0 сағат 00 минутта  үгіт жүргізу аяқталады» деп жазылған.
Қазақстанда Конституциялық Кеңестің «Сайлауалды үгітті жəне азаматтарға ақпарат берудің түрлерін шектеу туралы» деген нормативтік қаулы жоқ. Сайлау туралы заңды бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тартуды құқықтық реттеудің бұндай олқылығы, азаматтардың Сайлау мен Сайлану туралы Қонституциялық құқығының құрамдас элементі Сайлауалды үгіт жасау құқығын шектеуі мүмкін деген қауіп бар.
Салыстыру үшін, мысалға, РФ Мемлекеттік Думасы депутаттары мен Ресей азаматтарының біріккен арызы бойынша, 2000ж. 30.10. күні шыққан РФ Конституциялық Сотының » РФ азаматтарының сайлау құқықтарына жəне референдумға қатысу құқықтарына берілетін негізгі кепілдіктер туралы» Федералдық заңының конституциялығын тексеру ісі туралы қаулысында маңызды қортынды жасалған:
«Сайлауалды үгіт пен ақпараттандырудың ара жігін анықтаушы критерий тек: үгітті сайлаушыларды өз жағына тарту мақсатында жүргізу, үміткерді қолдау немесе нақты үміткерге немесе сайлаушы бірлестігіне қарсы əрекет қана бола алады».
Сөз бостандығынсыз, азаматтың сайлау жəне сайлану құқығы əшейін сөз жүзіндегі нəрсе болатыны түсінікті, өйткені депутат т.б сайланатын лауазымдарға үміткерлер мен сайлаушылардың, сайлауалды үгіт жүргізу құқығы шектеледі.
Қортындылар:
- Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер жасау туралы ұсыныстар азаматтарды  мемлекет істерін басқаруға тартпайды, неге десеңіз мəслихаттарды жасаудың пропорционалды түрі азаматтың сайлану құқықтарын белсенді іске асыруын саяси көзқарасқа байлап тастаған.(міндетті түрде саяси партияға мүше болу);
- Сайлау комиссияларын жасақтаудың ұсынылған механизмі, атап айтқанда ОСК, азаматтардың сайлау заңнамасы жайлы білімін тексеру, Сертификация өткізу жəне «Сайлау ұйымдастырушысы» сертификатын беру тəртібін белгілеуі, бұнда саяси партиялар сайлау комиссияларының құрамына өздерінің белсенділерін енгізе алмай қалуы мүмкін деген қауіп бар;
- Сайлау барысындағы саяси партияның «ұжымдық» жауапкершілігі, бұнда үміткерлердің жəне олардың сенімді өкілдерінің заңды бұзған жағдайында округтік сайлау комиссияларының саяси партияның тізімін тіркемеуі немесе тіркелген тізімнің күшін жоюы  қарастырылыған. Бұнда, мемлекеттік органдар өз құзыреттерін оппозициялық партияларға келгенде асыра пайдалануы мүмкін;
- Сайлауалды үгіт пен азаматтарды ақпараттандыру заңмен белгіленген критерилермен айқындалмағаны, бұл             «Сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу тəртібін» бұзды деген желеумен əкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіншілігін күшейтеді;
- Сайлау заңнамасына ұсынылған осы өзгерістер қабылданса, онда саяси институттардың(оның ішінде саяси партиялар да бар) ғана емес, азаматтар саяси өмірден тыс қалған жағдайда, бүкіл қоғамның саяси инфантилизміне əкеледі деген қауіп бар. Бұл дегеніміз, азаматтар, саяси шешімдерге əсер ету мүмкін емес,-деп есептеп, елдің болашағына деген жауапкершілікті мемлекетке аудара салады.
(*Инфантилизм- «баланың ісі», шалағайлық,
*сайлаудың пропорционалды жүйесі-партия қанша пайыз дауыс алса, сонша депутатты тізім арқылы кіргізеді)
Мереке Тілекұлы Ғабдуалиев — Заң ғылымдарының кандидаты
Орысшадан аударған — А.Б.Хайсин

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ