Күзетшіні кім қорғайды?

Күзетшіні кім қорғайды?

Жеке-меншік пайда болғалы күзетшіге сұраныс бар. Жұмыссыз адам көп болғандықтан күзетші болуға баратындар баршылық, жəне еңбекақының өзі ең төменгі мөлшермен беріледі. Жұмыссыздықтың «дəмін» татқан көптеген азаматтар күзетке орналасып, бағын сынап көргенін білеміз. Мен де соның бірімін. Бұл бизнес былай жүреді. Жеке меншік иесіне күзетшілер керек. Нысанның көлеміне байланысты ол күзет агенттігіне белгілі бір соманы төлеуге дайын. Ол күзет агенттігін таңдайды. Мəселен оған 200 күзетші керек.Əрбір күзетшіге сағатына 400 теңгеден төлемек болады. Бұған жұмысберуші-деп құрмет қөрсетіледі!
Күзет агенттігін құрушы пысық адам(басшысы) хабарландыру береді. Онда ол жалақы сағатына 300 деп береді. Жұмыссыз жүргендер көп тостырмайды.
Олардың медтексеруі, арнайы киімі жалақыларынан ұсталады. Сөйтіп күзетші бір тəулік істеп(24-сағат) екі тəулік демалады. Тəулігіне 7200 теңге шықса, бір айда 72000 алады екен. Бұл Астанадағы күзет бағасы, ал басқа қалаларда бұдан аз екені сөзсіз. Астана үшін 72000 теңгеге күн көру оңай емес. Сол 72000 мың теңгенің өзін толық ала алмайды. Өйткені толып жатқан нəшəндіктер жəй күзетшіні аңдып, болымсыз кінə үшін ақшасын қиып тастауға мүдделі. Нəшəндік бухгалтермен ақылдасып жəй күзетшіні қалай сорудың амалын табады. Қазір бейнекамералар қаптағалы,нəшəндіктер жұмысқа келген соң бірінші кезекте,кешегі кезекті түгел қарап,күзетші жіберген ақауды іздейді.
Табылса қуанады. Осыған əбден құныққан соң ақау жоқ болса пəле жабудан да тайынбайды. Аз ақшасын дұрыс төлемеген соң күзетші кетеді. Басқасы келеді. Сөйтіп өмір жалғаса береді.
А.Б.Хайсин

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ