Баспасөзге аңдатпа!

Баспасөзге аңдатпа!

Қазақстанда ТКШ-да (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы) бірқатар реформалар жүргізілді, жаппай жекешелендіру жүзеге асты, сондай-ақ жыл сайын жаңадан тұрғын үй кешендері пайдалануға беріледі,осылардың нәтижесінде қазіргі даму кезеңіне сәйкес жаңа сападағы тұрғын үй қатынастарының жаңа кеңістігі пайда болды. Сонымен қатар ТКШ кеңістігінде көптеген проблемалық мәселелер қордаланып қалған,олардың шешімін табу қажет!

ЖСДП, ТКШ кеңістігіндегі мәселелерге арналған қоғамдық пікірталастарға мұрындық болуда! Онда азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары мемлекет органдарының, ЖӨБ(жергілікті өзін-өзі басқару) органдарының және коммуналдық қызмет өкілдеріне айтылып,тараптар келісімге келу керек.

Бұл шара ТКШ қызметінің есігінің ашықтығын және жасыратын ешнәрсесінің жоқтығын қамтамасыз ету арқылы Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылады.

28 қарашада ЖСДП-ның «ТКШ мәселелері бойынша Азаматтық Кеңесі» әлеуметтік жобасы аясында «ТКШ-ның қазіргі заманғы проблемалары: себептері,зардаптары һәм шешу жолдары» тақырыбында «Дөңгелек стол» өткізіледі.

Дөңгелек стол жұмысына партия және Азаматтық Кеңес мүшелері, құқыққорғаушылар, сондай-ақ ҮЕҰ,БАҚ, сараптаушы және заңгерлік қоғамдастықтардың өкілдері қатысады.
Дөңгелек столға парламент депутаттары,мемлекет органдарының, ЖӨБ органдарының және коммуналдық қызмет өкілдері шақырылды.

Өтетін орны: Астана, Абай даңғылы 13, «Іскер» бизнес орталығының конференц залы.

Жұмыс уақыты 10-00 ден 12-00 ге дейін.

Қатысу туралы нақтылау және қосымша сұрақтар бойынша байланыс: 8701 888 47 05

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ