Басқаша нұсқадағы авторитаризмге жол бермеу туралы. ЖСДП мәлімдемесі

Басқаша нұсқадағы авторитаризмге жол бермеу туралы. ЖСДП мәлімдемесі

ЖСДП мәлімдемесі

Басқаша нұсқадағы авторитаризмге жол бермеу туралы.

ЖСДП Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтату туралы  шешімін дұрыс деп санайды. Уақыт талаптарынан туындаған  саяси-экономикалық, әлеуметтік  тығырыққа тірелген Қазақстанды шынайы тәуелсіз жәнеқазіргі заманға сай дамуын қамтамасыз етуде жеке басқа негізделген, оның атымен бүркелген билік елді дағдарыстан шығара алмайтындығына сенімдіміз.

Сонымен қатар біз  жан-жақты, толыққанды түбегейлі жаңарған Қазақстанды қалыптастыруға тек саяси жүйенi шынайы  демократияландыру  арқылы жетуге болатындығын түсінеміз. Бұған жеке билікті тұрақты демократиялықинституттармен алмастырып, саяси бәсекелестіктің арқасында, азаматтардың саяси құқықтарын сақтай отырып, Қазақстанның болашағы мен игілігіне  кең ауқымдағы, жан-жақты талқылаулар арқылы жетуге болатындығына сеніміз мол.

Бүгін еліміз өз тарихында  түбегейлі жаңаруға, ерекше мүмкіндіктерге ие болуына шешуші кезең туындап отыр. Сондықтан біз Нұрсұлтан Назарбаевқа қандайда бір саяси азғырулардан сақ болып, халықтың шыдамдылығының шегіне жетпей, өзінің қуыршақ ізбасарын ұсынбай жеке жауапкершілігін  түсініп, дұрыс шешім қабылдауға шақырамыз.

Еліміздің болашағы үшін таза, әділ президенттік және парламенттік сайлауларды өткізіп, осы транзиттік уақыттақауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, саяси жүйені конституциялық демократияландыру мақсатында билік пен қоғам арасында жалпыұлттық келіссөздер жүргізу керектігі жөнінде мәлімдейміз.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ