Барлығы сайлауға байланысты!

Барлығы сайлауға байланысты!

ЖСДП  «Сторонники социал-демократии и ОСДП» тобында,фейсбукте17-наурызда сағат 16-00 де тікелей эфирде өткізген «Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Конституциялық заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына жəне  «ҚР  Сайлау туралы заңының бірқатар актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  жобасына байланысты талқылауда көрермен ретінде қатысқан адамдардың сұрақтары мен тілектері де ескерілді. Талқылауға білікті заңгерлер арнайы шақырылды.

Талқылауды жүргізген ЖСДП СК Төралқа төрайымы З.Қ.Батталова жалпы жағдаймен таныстыра кетті. ҚР Əділет министрлігі өзі-өз болғалы тұңғыш рет осындай ұсыныспен шығып отыр. Жасалған жобаны Мəжіліс пен Сенаттағы жұмыс топтары қолдарына алғанда ЖСДП тарапы сол топтарға кіруге əрекет жасайды. Бұндай маңызды мəселені үкімет пен заң шығарушы билік өкілдері елге байқатпай жылдам қабылдап жіберуі мүмкін екені алаңдатады. Шілдеге дейін қабылданбақ заңның талқылануына берілген аз уақыт, биліктің өз мүддесі бар екенін көрсетеді. Негізгі жаңалық мəслихат депутаттарының да сайлаудың пропорционалдық жүйесімен сайлануы туралы өзгеріс болмақ. Бұл қазақша айтқанда мəслихат депутаттары да сайлауға партиялық тізім арқылы сайланады деген сөз. Егер жергілікті тұрғын мəслихат депутаты болғысы келсе əуелі партияға өтуі керек болады. Конституциятанушы ғалым, диссертациясын Ресейде қорғаған(мұның өзі кездейсоқ емес) Мереке Ғабдуалиевтің айтуынша қазіргі жүйе бойынша бірлі-жарым адам мəслихаттарға өтіп жүрсе, мына жоба іске асса ондай аз ғана мүмкіндіктің өзі жойылып,белсенді азаматтар биліктен мүлдем шеттетіледі. Тəуелсіз заңгер, адвокат Асқар Оразаев: — Бұл жүйе азаматтарды басы бүтін бақылап, басқаруға алып келеді жəне мəслихатты нотариус тіпті архивариус деңгейіне түсіріп жіберуі мүмкін. ЖСДП мүшесі, экономист Р.Досымқұлов,ең талантты, білімді, алғыр адамдар биліктен тыс қалып,керісінше жағымпаз,ақымақ,жемқорлар билікке өтіп баршамызды басқаратын болады-деп қорқады екен. Қоғам қайраткері З.Қ.Батталованың тəжірибесіне сүйенсек жеңген партия үкіметті жасақтамайтын елдер жоқтың қасы. Соның бірі Қазақстан екен. Сонда мəслихатты да солай сайлау не үшін, түсініксіз! Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелерінің екі рет дауыс беруі, ҚР басқа азаматтарының құқығын бұзу болып табылады. Бұл жағдайды да өзгерткен абзал. Сондай-ақ партиялық тізім ашық болуы тиіс. Қазір жабық тізім бойынша сайланады, яғни сайлауда жеңген партия бюро жасап(тіпті сияз да емес) кімді депутат жасайтындарын шешеді. Сонда халықтың даусы қайда қалады? Мысалы Ақжол партиясының екінші адамы Қ.Исаны алайық. Сайлау кезінде əжептəуір көзге түскен ол, тізімде жоқ болып шықты. Ал ашық тізімде сайлаушылар,партиямен қоса тізімдегі əр үміткерді белгілейді. Партия жеңе қалса көп дауыс жинаған үміткер тізімде бірінші болып мəжіліске енеді. ЖСДП СК Төралқа төрайымының кеңесшісі Н.Жабаев мұғалімдерді сайлау комиссияларынан шеттету керектігін айтты. Бюджеттен ақша алатын мұғалімдер осы уақытқа дейін өздеріне жүктелген міндетті «адал» атқарып келе жатыр. ЖСДП мүшесі, кəсіпкер Айгүл Меңдіғалиева турасын айтатын адам, -егер 5-жыл түк бітірмеген депутат кезекті сайлаудан кейін тағы да орнына қонжиса,ондай жүйе күлкімді келтіреді,-дегенде, есіме қаланың атын Назарбаев қоялық дегендерімен ғана есте қалған мырзалар мен ханымдар түсе қалды. Талқылауға байланыс арқылы шыққан Бақытжан Төреғожинаның жүйелі сөздері көптің көңілінен шықты. Жаңа жобада сайлау комиссияларының мүшелері арнайы сертификат алу керек депті, сайлау комиссиясына құлықсыз баратын жұртқа сертификат ал десең одан əрі қашпай ма-деп,аң-таң болғанын жасыра алмады. Талқылауға көрермен ретінде қатысқан Фатима Жандосова жиын көркін қыздырып отырды.

Бұл шара туралы хабарландыру қазақ, орыс тілдерінде жазылып құрамында 200000,300000 адам фб топтарына тағы басқа саясатқа қатысты топтарға салынған болатын. Мені алаңдатқаны, тікелей эфирге еліміздегі болашақ заңгерлердің бір де біреуі қатыспады.

Қазіргі болашақ заңгер студенттер сол мамандықты не үшін таңдайтыны түсінікті болды. Оларға əділ сайлау,əділ заң керек емес. Олар оқуды тəмəмдап, сосын бір жерге орналасып күн көруді ғана ойлайтын сияқты.

Олар жалақы мен пара алып баюды ғана мақсат еткен. Еліміздің дамуына тікелей əсер ететін сайлау туралы заң талқыланып жатқанда заңгерлер мен болашақ заңгерлердің бұғып жатуы соны көрсетсе керек.

Абылайдың асында шаппағанда…

Бұл барлығымызды алаңдатуы тиіс.

Заңгердің оқуына елдегі заңдарды жақсартып, сол арқылы халықтың жағдайын түзеткісі келетін патриоттар баруы керек!

Талқылау барысында бұл заң жобаларына кейіген топ, яғни ЖСДП тарапы мен білікті заңгерлер,жұмыс тобын құрып, Сайлау туралы заң жобаларының альтернативасын жасауға уағдаласты. Жұмыс тобының жетекшілігіне Мереке Ғабдуалиев лайық деп шешілді. Осы орайда тағы да қоғамдық талқылаулар өткізу керек, ертең өзіміз өкініп қалмайтындай жақсы заң қабылданғанына бүкіл сайлаушылар мүдделі екенін түсініетін кез келді. Сондықтан əр азамат ойлануы керек қой. Үйде отырып «керемет» биліктің мызғымай отырғанына босқа налығанша, осындай іске ат салысайық! Өзің ұқпасаң таныс заңгеріңе айт, студентке айт құлағдар қыл! Əйтпесе ұқпайтын несі бар, 21 ғасыр емес па, интернет бар, гугл бар дегендей, талап қылсаң несі қиын. Сайлауға бей-жай қарамаңдар, қазақтар- дегім келеді!

«Дат» газетінің оқырмандарына фейсбуктегі талқылаудың толық бейнежазбасын қарап шығуға кеңес беремін.

Азамат Хайсин,

ЖСДП ақпарат орталығының жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ