Атырауда белсенділер соты басталды

Атырауда белсенділер соты басталды

Атыраудағы №2 қылмыстық істер бойынша сотында 12 қазанда судья Гүлнәр Дәуешова төрағалығымен Макс Боқаев пен Талғат Аянның  ісі бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды.

Сотқа өзге де аймақтардан құқық қорғаушылар, облыс тұрғындары, бірнеше ауданнан адамдар қатысуда. Журналистерге сот залынан фото және бейне жазба түсіруіне бес минутқа ғана рұқсат беріліп, одан соң басқа бөлмеге шығарып жіберді.

Сот басталғанда Боқаев пен Аянның адвокаты Төлепқали Аянов судья Гүлнәр Дәуешованы істен шеттету туралы өітініш жасады. Төлепқали Аянов сот тергеуінің айыптау актісі 30 қыркүйекте дайын болғанымен, ол сол күні емес, 3 қазанда жарияланғанын, ал іс материалдары 73 томнан тұратындықтан оны осы аралықта соттың онымен танысып шығуы мүмкін болмағанын айтты.

«Судья айыптау актісі шыққан соң оны бірден реестрге енгізуі тиіс еді, бірақ оны уақытында енгізбеген. Бұл дегеніміз сот ісін фальсификациялау деп саналатындықтан судьяны істен шеттетуді сұраймын» дейді адвокат.

Бұдан соң судья өтінішке қатысты шешім қабылдау үшін бес минуттық үзіліс жарияланды. Үзілістен соң сотқа өзге Дүйсебалиева деген судья келіп, адвокаттың өтініші қанағаттандырылмайтынын айтты. Осы кезде Макс Боқаев «Ешнәрсе естілген жоқ, судья дұрыс оқымады» деп наразылығын білдірді. Судья ақырын сөйлегендіктен не айтқаны сот барысын өзге бөлмеде монитор арқылы тыңдап отырған журналистерге дұрыс естілмеді.

Сотқа келген құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев «Егер соттың алдын ала отырысының өзі осындай жағдайда өтсе, онда бұл процестің әділ өтетініне күмәнім бар» деді.

Естеріңізге сала кетейік, Макс Боқаев пен Талғат Аян 24 сәуір күні Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингтен соң қамауға алынған. Белсенділерге бірқатар қылмыстық баптар бойынша, соның ішінде «алауыздық тудыру», «заңсыз митинг ұйымдастыру», «билікті күшпен басып алу» деген  айыптар тағылып отыр. Азаматтық белсенділер бұл айыптардың ешқайсысын мойындаған жоқ. Сот алдына Макс Боқаевтың денсаулығы нашарлағаны белгілі болды, онын гепатит «С» ауруына шалдыққаны туралы әріптестері хабарлаған болатын.

Жақында Human Rights Watch халықаралық құқыққорғау ұйымы бұл іске қатысты мәлімдеме жасады.  «Макс Боқаев пен Талғат Аян қарсылық білдіру құқығын пайдаланғаны үшін де, өзгелерді қарсылық білдіруге шақырғаны үшін де қамалмауы тиіс. Үкімет саясатына қарсылығын білдіру — қылмыс емес» делінген мәлімдемеде.

13 комментарии

  1. Оппозиция айыпты жоққа шығара алмағандықтан әр түрлі әрекеттерге жүгініп отырғаны көрінеді

  2. Белсенді арандатушылар деп тақырыпты қойса дұрысырақ болар деп ойлаймын))

  3. Енді судьяның жай сөйлейтініне дейін мін қылып тақтыңыздар ма, мүмкін оның жаратылсы болар сондай.

  4. Ашық түрде өтіп жатқан сот қалай әділ болмайды? Отырған жұрт не үшін келді сонда, айтады екенсіздер сіздер де

  5. Амангелді Шорманбаев мырза асыралап айтып жіберді ау, сот ашық түрде өтіп жатыр, журналистер де емін еркін кіре алған

  6. Сот әдлі шешімін шығарады. Оған шүбә жоқ. Өзге елдерде мемлекет тұрақтылығын бұзғаны үшін қатаң жазалайды. Ал бізде қалай екенін сот отырысынан кейін көреміз

  7. Қандай жағдай болса да әділдік жеңеді. Төлешов өз нөкерлерінің тағдырын шешеді деген сөз ғой

  8. Бұл жағдайдың шешімін Төлешовтің мәлімдемесімен анықтаймыз, сабыр сақтайық

  9. Төлешов өз кінәсін мойындаған адам, демек шабармандарының да жағдайы белгілі деген сөз

  10. Кім не десе де бәрі Төлешовтің мәлімдемесімен анықталады. Дұрыс шешеім деп ойлаймын!

  11. Төлешовтің бүліктері бір бітпей қойды, тезірек шындықты айтып, бәрі жазаларын алсын!

  12. Негізі жазаланулары тиіс. Жаман үлгі көрсетпейік ұрпағымызға. Жерімізді елімізді аманат етіп берді ата-бабамыз. Бірақ тәуелсіздігімізге нұқсан келмеуі тиіс, себебі тәуелсіздікті сан ғасырлар бойы армандады емес пе, мына жағдайлар елдің тыныштығына нұқсан келтіретін бірден бір әрекеттер

  13. Басында айтылғанда құлақ аспағандары ай. Елді арандатып жатқанда оған қарсы әрекет ететін заңның болуы қалыпты жағдай. Жасарларын жасап, жауапкершілікке келгенде бәрі қашады!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ