Ақтөбелік социал-демократтар Отан соғысының құрбандарына тағзым етті

Ақтөбелік социал-демократтар Отан соғысының құрбандарына тағзым етті

Жеңіс күні — 9 мамырда Ақтөбе қаласының «Мәңгілік алау» кешенінде ҰОС қатысушыларына тағзым ету, опат болғандарды еске алу және олардың руxтарына арнап гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл шараға облыс басшылығы, құқық қорғау органдарымен қатар саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Соғыс жылдарындағы естеліктер, Р.Гамзатовтың сөзіне жазылған «Тырналар» әні айтылып, аспанға ұшырылған ақ шарлар жиылғандардың жүрегін тербеді. Аталмыш шараға ЖСДП облыстық филиалы төрағасы М.Камалов бастаған бір топ белсенді қатысты.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Шакибаев соғыс кезінде балалық шағын өткізсе, жастар қанатының жетекішісі Е. Тажигуловтың нағашы атасы Наримбетов Әзілxан (1920-1985) сол жылдары мұғалім қызметін тастап (мұғалімдерді соғысқа шақыртпаған), әскерге өз еркімен соғысқа аттанған. Ол соғыста автоматшылар ротасының комсоргы болған, партизандар құрамасында да күрескен, Сталинград шайқасына қатысып әскери ордендер алған. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында ҰОС қатысушыларының саны – 125. Оардың саны уақыт өте азайып келеді. Оларға құрмет пен тағзым ету әрбіріміздің парызымыз!

03_n

ЖСДП-инфо

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ