20 мамырда Ақтөбе облыстық ЖСДП филиалында партия президиумының мүшесі, партияның жастар қанатының төрағасы Т.Самбетбайдың қатысуымен батыс қазақстандық ЖСДП жастар қанаты өкілдерімен аймақтық кездесу өтті. Кездесу барысында ел жастарын алаңдататын мәселелер сөз болды. Олардың ішінде жұмыссыздық, баспана, ҰБТ, саяси азаматтық енжарлық, белсенділік және өзге де жастардың әлеуметтік мәселелері қамтылды. Жастар қанатының төрағасы Т.Самбетбай осы бағытта партияның атқарып жатырған жұмыстарынан құлағдар етті, ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы жастар мәселесін шешудің социал демократиялық идея жолымен таныстырды. Жастар тарапынан көтерілген тақырыптар қызу талқыға түсті. Талқылау барысында кейбір мәселелердің қазірдің өзінде ақ қолжетімді шешуге болатыны белгілі болды. Кездесу соңында жастардың күнделікті түйткіл мәселелерін шешуге бағытталған іс шаралар кешені бекітілді.
ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі