#Ұлыдалаквартиранты. #Хештег қолдану арқылы пәтер мәселесі шешіле ме?

#Ұлыдалаквартиранты. #Хештег қолдану арқылы пәтер мәселесі шешіле ме?

«#Ұлыдалаквартиранты» тіркесінің авторы үйсіз жастардың мәселесіне «ирония мен пафостан құралған хэштег арқылы назар аудартқысы келгенін» айтады. Жексенбі күні Facebook әлеуметтік желісін қолданушы Аршат Ораз есімді азамат «120 000 тг #ҰлыДалаКвартиранты» атты жазба жариялады. Әп-сәтте бұл тіркес қазақстандықтар арасында танымалдылыққа ие болды,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

Азаттық радиосының жазуынша, әлеуметтік желінің қазақтілді сегментінде бұдан кейін #ұлыдалаквартиранты хэштегі бірден танымал болып, қолданушылар әртүрлі пікір жазды. Пікір білдірушілердің барлығы Қазақстанда баспана мәселесі шешілмегені жайлы, жалдамалы пәтерлердің ақысы өте қымбат екені туралы айтты.

«ҮНСІЗ ЖАТҚАНША, ОСЫЛАЙ БОЛСА ДА АЙТУ КЕРЕК»

Хэштег авторы Аршат Ораздың Facebook-тегі сол жазбасы арқылы «үлкен қалалардағы пәтер мәселесіне ирония мен пафостан құралған хэштег арқылы назар аудартуды» мақсат еткенін айтады.

– Шынымен пәтер бағалары қымбат, қолайлы бағдарламалар аз, үлескерлер алданып қалып жатады немесе ұзақ күтеді. Хэштегтің танымал болып кетуін осындай нәрселерге реакция деп ойлаймын. Таралымы жақсы, қолданушылар хэштег арқылы баспана мәселелерін жазып жатыр, – дейді ол.

454545426565012122

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ