Үкіметтен ҚХР-дың Қазақстандағы инвистициялық жобаларының барлық шарттарын халыққа жариялануын талап етеміз!

Үкіметтен ҚХР-дың Қазақстандағы инвистициялық жобаларының барлық шарттарын халыққа жариялануын талап етеміз!

ЖСДП Президиум Төралқа Мәлімдемесі

Өткен айда Қазақстан мен Қытай арасында құны 7 миллиард долларлық 22 инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Жалпы ел аумағында Қытайдың инвестициясы арқасында барлығы 26 миллиард долларға бағаланған 51 кәсіпорнын құру жөнінде әңгіме жүріп жатыр. Біз осы қазақстан-қытай келісімдерінің бұрынғыдай беймәлім жабық жағдайда жасалынып, онда халықты алаңдатын сұрақтарға жауаптың жоқ екенін ескерткіміз келеді. Ең бастысы, мұндай біржақты «экономикалық әріптестік» елімізді қаржылық тәуелділікке, жер, демография және саяси өктемдік пен экспансияға душар етпей ме, деген сұрақ.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бағдарламасы өзара тиімділікті, саяси тепе-теңдікті және экологиялық қауіпсіздікті Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастығының іргелі қағидалары болуы керек деп жариялаған. Сондықтан болып жатқан жағдайлар партияның алаңдаушылығын тудыруда.

Қазақстанның сыртқы борышы былтыр 6,7 пайызға көбейіп, 164 миллиард доллардан асып түскенін және бір қазақстандыққа шаққанда 10 мың долларға жетіп қалғанын еске алсақ, көтеріліп отырған мәселе бізді үнсіз отырмауға мәжбүр етеді. Бұл ретте аталған борыштың ішіндегі мемлекеттік және мемлекетпен кепілдендірілген қарыздардың үдемелі қарқынмен өсіп тиісінше 5,5 және 24,4 пайызға ұлғайғанын және олардың ең алдымен Қытайдан қарыздарды алу есебінен екенін айта кету керек.

Ақыр аяғында, біздің үндеуіміздің себебі — әлі күнге дейін қазақстандық жерді шетелдік заңды тұлғаларға сату немесе жалгерлікке беру мүмкіндігімен байланысты қоғамдық шиеленістік пен алаңдаушылықтың азаймайтыны – оның ішінде ауылшаруашылық мақсаттағы жерге жеке меншік институтының жойылмауы.

Бұл арада, екі елдің тең құқылы ынтымақтастығы тек екі халықтың бір-біріне, сондай-ақ олардың өздерінің өкіметтеріне деген толықтай сенім білдіруі арқылы ғана дами алады. Осыны негізге ала отырып, біз Қазақстан басшылығынан келесі сауалдарға түбегейлі жауап беруді сұраймыз:

- ҚР-да қытайлық капиталмен жұмыс істеп жатқан 2 800-ден астам кәсіпорынның экономикалық табыстылығы, әлеуметтік тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан қызметінің бағалауы қандай?

- ҚР-да құрылысқа болжанатын барлық жаңа қытайлық кәсіпорындардың жоғарыда аталған критерийлерге жоғары дәрежеде сәйкес келуі үшін қандай шаралар қарастырылуда?

- Осы кәсіпорындарды құру ҚХР тарапынан біздің елді міндеттейтін қандай ілеспелі шарттармен байланыстырылған? Жерді пайдалану, еңбек миграциясының тәртібі қандай болады және экологиялық бақылау қалайша жүзеге асырылады?

- Бұл кәсіпорындардың қызметінің салдарынан Қазақстанның сыртқы борышы одан әрі қаншалықты ұлғаюы мүмкін, осыған арналған есеп-қисаптар жасалды ма?

Біздің партиямыз бүгінгі қазақстандық-қытайлық экономикалық өзара әрекеттесудің және оның ары қарай дамуы тек қана оған байланысты нәтижелер мен салдарларды айқын, адал және жауапты бағалау арқылы іске асырылуы керек екендігіне сенімді.

Один комментарий

  1. Негізі менің атым Досымқұлов Рүстем бұл бренд, отаншылдықтың бренді. 5 Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында айтылған шетелдегі қандастарымызды қолдайтын қор құру ол негізі менің идеям ғой, шетелдегі қазақ жастарының форумын өткізу бұл да менің идеям. Сонда менің идеяларым пайдаланып жатыр, ал маған неге ешкім рахмет айтпайды. Осындай азамат елді басқарсын деп ешкім айтпайды?. Жалпы мен ұсынғанмын тағы дұниежүзілік қазақтарының спартакиадасын өткізуді. Ата-заңға шетелден оралған қандастарға біздің еліміздің азаматтығы оңай тәртібімен беріледі деп жазу керек туралы айттым. Индустриалды-инновациялық саясаттың авторы менмін. Домбыра күні керек деп айттым. Мемлекеттік тіл жылы керек деп айттым. Осы неге менің асыл ұсыныстарым пайдаланады ал бұл ұсыныстың авторы ескерілмейді. Халық мені қолдап мен дереу елімізді басқаруым керек деп білемін. Тағы мен ұсындым Шетелдегі қандастардың істері бойынша тұрақты үкіметтік комиссияны құруды, неге өйткені бұл комиссия шетелдегі қандастарымыздың жағдайын тұрақты түрде бақылап тұрады және шетелдегі қандастарымыздың мәселелерін дереу шешуге тырысады. Менің ұсыныстарымды мен жүзеге асыруым керек деп білемін. Жалпы бізде мемлекеттік тіл қазақ тілі, ал ресми тіл орыс тілі, осылай болып қала берген дұрыс. Пайдаланған әріптеріміз кириллица бұны да ауыстыруға керек жоқ деп білемін. Әскери салада менің ұсынысым болған Ресейден тегін қару жарақ алу, мысалы зениттік зымырандық жүйелерді, бұл ұсынысым кәзір жүзеге асырылып жатыр. Менде әлі президенттік билік жоқ бірақ соның өзінде мен қаншама елге пайда әкелдім, ал президенттік билік менде болса не болады. Еліміз қарқынды дамып кетеді ғой.
    Біз мысалы шетелдегі қандастарымызға көмек ретінде қазақша оқулықтарды, кітәптарды жібере аламыз ба, әрине міні тағыда менің керемет ұсынысым. Ал ұлттық спорт түрлерімізді дамыта аламыз ба, әрине міні мен мәдениет саласына арналған мақалада Мәдениет министрлігіне бұны жаздым. Әттең қолымызда президенттік билік жоқ бұның бәрін жұзеге асыруға бұйрық беруге. Кәзір мысалы елімізде қазақ тілінде жазылған балаларға арналған әдебиет жетіспейді, мәдениет министрлігіне байқау жариялап ең балаларға арналған ең үздік шығармаларды басып шығаруға болады ғой баспаханаларға тапсырма беріп. Неге осының бәрін мен айтуым керек?. Ғылым саласын дамытуға арналған мен біраз ұсыныс айттым қолымызда президенттік билік жоқ болғаннан бәрі осылай қалып жатыр, ал негізі 21 ғасырда тек ғылым мен білім саласын дамытатын ел ғана үлкен жетістіктерге жетеді ғой. Бірақ менің ең мықты ұсынысым бұл индустриалды-инновациялық саясат бұл ұсынысты ешкім менен басқа жүзеге асыра алмайды, өйткені ол үшін білім керек, мақсатым елімізді дамыған инновациялы елге айналдыру. Мен елімізді дамыту үшін жазып жатырмын егерде біз тез арада менің айтқан ұсыныстарымды жүзеге асырмасақ тәуелсіздігімізден айырыламыз ал тәуелсіздігімізден айырылсақ біттік. Ал Астананы мен ойлаймын ақылды әрі жасыл қала қылдырып дамыту керек, тұрғындарға ыңғайлы қала қылдырып дамыту керек. Инновациялық саланы дамыту үшін менің ойымша біз Ресеймен бірігіп ортақ венчурлық қор ашуымыз керек деп ойлаймын.
    Әскери саласын дамыту үшін мен мысалы ұсындым әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытуды, мысалы біздің елімізде Оралда пулемет жасайтын зауыт болған неге біз мысалы оны жаңғыртпаймыз, Актобеде тікұшақтарды жөндейтін зауыт болған неге оны жаңғыртпаймыз. Міні қаншама жұмыс бар елімізді ойлайтын адамда.
    Менің ойымша, Астананы көшіргеніміз дұрыс, бірақ тоқтамай зәулім сарайларды сол жағалауда сала беру дұрыс емес. Бұрын үкіметте, парламентте бәрі ескі алаңда отырған, осылай отыра беру керек еді. Ал үнемделген ақшаға көбірек зауыт пен фабрикаларды салу керек сонда жастарға жұмыс болар еді, индустриаландыру-инновациялық саясаттың мақсаты осы. Енді мен елді басқарып Астананы инновациялық, жасыл, ақылды қалаға айналдыруым керек деп білемін. Сосын мен ойлаймын бізге жер қазба байлықтарымызды мемлекетке қайтару керек, өйткені шетелге сатылған мұнай мен темір халыққа жалақы, жәрдемақы, түрғын үйлер болып қайтып келу керек.
    Кеңес одағынан біз қазақтар әлеуметтік қорғау жүйесін алуымыз керек, ғылым мен білім жүйелерін сақтап оны дамытуымыз керек бірақ қазақ тілінде оқытатын мектептердің санын көбейтіп, бұрыңғы ауыл шаруашылығын қалдыру керек еді, мықты мемлекеттік кәсіпорындарды сақтап қалу керек еді, мысалы Павлодарда трактор жасайтын зауыт болған, шикізат өндіретін кәсіпорындарды мемлекеттің қолында қалдыру керек еді, ал тәуелсіздік алғанда осының бәрі пайдаланып біз қазағымызды үлкен жетістіктерге жеткізуіміз керек еді, сосын тіл міселесін де шешер едік, әттең армандар көп болды тәуелсіздік алғанда.
    Сосын мен мысалы ұсындым мемлекеттік тіл жылын өткізуді, продуктивтік эмиссияны жасауды, ойластырылған протекционизмді жасауды, кері салықтық маневр жасауды, отандық өндірушілерге субсдияларды беруді тағысын тағы. Бірақ маған осының бәрін жүзеге асыру үшін президенттік билік керек, сонда мен біздің халқымыздың бағын жандыра аламын.
    Кей біреулер ойлайды бізде билік ауысса Украинадай жағдай болады деп, жоқ болмайды деп ойлаймын, өйткені ешкімнің құқығын біз шектеп жатқан жоқпыз, мемлекеттік тіл қазақ тілі ал ресми тіл орыс тілі, осылай қала берген дұрыс, ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымынан шығуға ойымыз жоқ, еуразиялық одақты қолдаймыз сондықтан біздің елімізде Украинадай жағдай ешқашанда болмас.
    Cондықтан біз тәуелсіз бейбішіліксүйгіш сыртқы саясатымызды жүргізе беруіміз керек, ешкіммен ұрыспай, әскерімізді күшейте беріп, еуразиялық одақ пен ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше болып, өз табиғи ресурстарымызды ұлттандырып, елімізді индустриаландырып қырқынды даму жолымен жүре беруіміз керек. Ал ол үшін мен елімізді басқаруым керек.
    ***
    Десті
    Алатаудың етегінде
    Ғажап әндер бар, — десті.
    Тек жаңғырақ ол әндерді
    Жаятұғын хәл, — десті.
    Күн күркіреп, жалт ойнаса
    Көктен хабар бар, — десті.
    Берекелі атамекен
    Жаңбырымды ал! – десті.
    Алаш ханның ұрпағына
    Жіберген бұл бал, — десті.
    Жасыл жұмақ қойнауында
    Күн сәулесі жете алмай,
    Жазық кезіп көлеңке жүр
    Қара бұлт боп атандай.
    Алатауым жай тау емес,
    Ел бақыты, бұлағы…
    Шарын, Алтай, Баянауылым да
    Ен байлықтың тұрағы
    Бұл тауларда Алаш Ханның
    Ар, намысы бар, — десті.
    Ешуақыт тау басынан
    Мәңгілік мұнар кетпейді.
    Онда сұңқар ұя салып,
    Қорқыныш еш жоқ дейді!
    Жазықта ел өмір сүріп
    Жүтады пәк жұпарын,
    Атамекенім, Отаным –
    Толы алтын құшағым.
    Бұл тауларда – Абылай хан
    Даңқты жолы бар, — десті.
    Қасындағы Қызылқұмда
    Керуені жолға әзір.
    Қас болма, сен, қазақтарға,
    Дос болуға бол әзір.
    Ашуланса – ол қаһарлы
    Боран, дауыл болмысы.
    Бар әлемді аралаған,
    Оған аян Жер күшті.
    Болашақтан қазақтарға
    Игі хабар бар, — десті.
    +++
    Қазақ
    Жүрші, жаным, аралайық, аралайық ел ішін,
    Күші жойқын арыстан бар жүрегіңде, қазақ.
    Езілгендер кеңейтетін кезі келді өрісін.
    Қобланды қуаты бар білегіңде, қазақ!
    Мың қанатты арғымақтар желді қуып жетеді,
    Сәйгүліктер асқар тауды бір – ақ қарғып өтеді,
    Түп – тұқияны бабаң сенің – Киелі тау етегі,
    Ұлтты қорғаған тұлғаларды тірегім де, қазақ!
    Ақсақалды кәриялар – Майқы би бәрі – ақылды,
    Бар аналар Домалақ ана сынды ардақтайды асылды.
    Өз еліңе қолды беріп, қолды алу – хас үлгі.
    Домалақ ана сынды періштеңді жүрегім де, қазақ!
    Сен – ержүрек жауынгерсің, мекеніңді таңдай біл,
    Сен – арыстан, айқасатын алаңыңды аңдай біл,
    Еш уақыт суынба тек, алды – артыңды сайлай біл,
    Жетісуды қарағым де, бар әлім! – де, қазақ!
    Өткен күнді, кеткен күнді тарих деп атайды.
    Оның бәрі сенің ғана ерлігіңмен қатайды.
    Тепкілеп аш сарайлардың қақпаларын қас әйгі
    Қайтпас қайсар өздеріңсің ұлы еліңде, қазақ!
    Ойда – Абылай, Абай – болмысың,
    Алпыс ғасыр – алған асу, абройың болды шын.
    Құнары мол Сары – Арқаң – қазынаң һәм мол күшің
    Көркей, жетіл, жер жаннаты ұлы еліңде, қазақ!
    Қасиетті Маңғыстау сенің алтын діңгегің,
    Көне Каспий теңізі сенің шалқар шабытың.
    Ата дәстүр мен бабалардың өсиеті, қазақ, сенің тірегің!
    Ерең еңбек, ер жүрек пен ғылым сенің асыл қасиеттерің!
    Еңсеңді тіктеп, дами бер асыл текті қазақ!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ