Қазақстандағы сақтандыру: бүгіні мен келешегі

Қазақстандағы сақтандыру: бүгіні мен келешегі

FB_IMG_1516480153561Қаңтардың 19-ы күні ЖСДП Құқықтық мониторинг орталығының ұйымдастыруымен (ҚМО) «Қазақстандағы сақтандыру: бүгіні мен келешегі» тақырыбына сараптамалық жиын өтті. Қазақстан азаматтарының бақуаттылығы алаңдататын болғандықтан,оқыс оқиғаға ұшырап,шығын келген жағдайда азаматтарға сүйеу болатын осы қызмет түрі кейінгі уақыттарда сынға көбірек ілініп жатыр.

Жиынға келген сарапшылар алдында сөз алған ЖСДП СК Төралқа төрайымы З.Қ.Батталова: Қазіргі уақытта парламентте «Сақтандыру туралы» заң жобасы дайындалып жатқандықтан бұл сұраққа бей-жай қарамау керегін, заң жобасы ең алдымен ел мүддесіне қызмет ететін,әсіресе әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындарға пайдасы көбірек болатын тұстарын пысықтап, осы заңды қарастырып отырған парламенттегі жұмыс тобына ұсыныс жасауға тиіспіз,сондықтан жиналып отырмыз-деді.Жиында негізгі спикер болған,осы салада 20 жылдық тәжірибесі бар Әлімбет Жұмағайша 2014 жылдан бері парламенттегі құрылымдарға өз ұсыныстарымен шығып жүр екен. Ол кісінің ойынша «Міндетті сақтандыру туралы»  заң қабылдайтын уақыт келген көрінеді. Социализм кезіндегі Мемлекеттік сақтандыруды(Госстрах) ілтипатпен еске алған тәжірибелі маманға,қазіргі уақыттағы осы саладағы істердің жандануы, қоғамдағы көптеген келеңсіздіктердің шешімі болып көрінеді. Мемлекеттік сақтандыру қазір жоқ, оның орнына қазір 32 Сақтандыру компаниясы бар. ЖСДП ны әсіресе жұмысберушілердің жұмысшылар өмірін сақтандыруы қызықтырады. Қазіргі уақытта жұмысшы майып болған жағдайда өтемақыны сақтандыру компаниясы арқылы алып жатса екі жаққа да тиімді болар еді. Өкінішке орай көптеген қулық, сылтаулар арқылы бақытсыздыққа ұшыраған жанның отбасына тиесілі жәрдемақы оларға тимей қалады. Сондықтан қай жұмыста қауіп көп болса сол жерде жұмысшыны жұмысберуші сақтандыратындай міндеттеу керек. Өз өмірлерін,денсаулығын,мүлкін сақтандыруға азаматтар неге құлықсыз? Өйткені біріншіден бұған байлар болмаса,кедейлердің жағдайы келмей жатыр,екіншіден сақтандыру компанияларына деген сенім азайған, әрі қазіргі уақытта бір жұмыста тұрақты істеу әртүрлі себептермен азайып отыр. Мемлекет тарапынан болсын,сақтандыру компанияларының тарапынан болсын тұтынушылардан ақша жинау ісі жолға қойылып, тұтынушыларға қайтару ісі ақсап жатыр,ол көрінбейді. Парламенттегі жұмыс тобының ісі көбінесе жұмбақ жағдайда өтеді. Сақтандырудың жұртқа қолайлы түрлері болып, оқиға орын алған жағдайда лайықты әсер беріп жатса-әлеуметтік дамудың маңызды бір бөлігіне айналар еді. Қазақ әлеуметтік академиясының президенті-Ә.К. Қасенова,екінші дәрежелі банктердің кредит бергенде сақтандыруды да кейде алдап төлететінін сынға алды. Сақтандыру нарығының дамуына кедергі болып отырған жиналған ақшаның қайта-қайта жоғалып кетуінде тұр.Тіпті шетелдегі ақшаның өзі бұғатталуда. Сақтандыру ісінің өркендеуінің тағы бір кілті алдын ала болжау болса,ондай болжам жасайтын адам жоқтың қасы. Егер әлгі 1-2 адам жоқ болса бүкіл жұмыс тоқтайды. Өз кезегінде болжам жасау, статистикамен тығыз байланысты-деді Ә.К.Қасенова.
Жұмыста дау туындаса, мемлекет жұмысберушінің сөзін сөйлейтіні жасырын емес. Көбінесе жұмысшы,жұмысберушімен жалғыз қалып әлді,әлсізді жеп қойып жатыр. Жиынға қатысушылар өз ұсыныстарын да ортаға салды. Сақтандыру компаниялары тәуелсіз және оларды бақылауда ұстайтын құрылым болу керек екен. Қоғамдық бақылау алдындағы кедергілерді азайтып,жою керек. Сақтанатын тұтынушыға ұсынылған келісім-шарт тайға таңба басқандай түсінікті болсын. Мемлекеттік қызметкерлер рухани жаңғырсын,олар әуелі азаматтардың жағдайын ойласын. Тақау болашақта ЖСДП ҚМО-да парламенттегі қаралып жатқан заң жобаларына ұсыныс жасап,олардың ескерілуін талап ету ісі жолға қойылатын болды.
Ал, сақтандыру саласы тек қана өздері пайда таппай, іс жүзінде Қазақстан жұртына қызмет көрсету керек! Жиын тікелей эфирден көрсетілді. Бейнетаспаның толық нұсқасын «Сторонники социал демократии и ОСДП» тобынан және «ОСДП» парақшасынан көре аласыздар.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ