Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің идеологиясын жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің идеологиясын жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі туралы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мәлімдемесі

Алматы қаласында өткен Комсомолдың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара жастық шағын еске алғысы келген адамдардың құқығынан да өзекті мәселелерді қозғап отыр.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қатысып, Мемелкетік рәміздер мен  Қазақстанның Республикасының әскери қызметкерлері де көзге түсті.

Біздің елімізде қоғамдық ғимараттарда жиналыс өткізу үшін ең қатаң «рұқсат беру» процедурасын ескерсек, іс-шараның Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтуі, биліктің қазақстандық комсомол фунционерлерін құрметтеп, қолдайтынының дәлелі деп санаймыз. Бұл фактіні жиынға қатысушылардың өздері де жасырмады.

Қазақстан билігі тәуелсіз мемлекетіміздің нақты идеологиясын құруының құлықсыздығы мен қабілетсіздігі туралы біздің партияның көп жылдар бойы айтып келеді. Ал «комсомол съездінің» еліміздің мәдени орталығында өтуі,  идеологияның  жүзеге аспауының дәлелі болып отыр.

Бұл жағдай Ресейдің «КСРО елесін» қайта тірілту кезеңінде сырқы саясаттың біздің экономикаға антиресейлік санкциялармен ұлттық валютаға тікелей әсер ететіндігі алаңдатады.

Бізге бөтен конъюнктуралық идеологияны қойып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің айқын, принципті идеологиясын дәйекті түрде жүзеге асырудың уақыты келді.ЖСДП билік пен оның өкілдерінен фантомды Кеңестік идеялармен ойнауын тоқтатуды талап етеді. Кеңес идеологиясы өткен уақыттағы көптеген қайғы-қасірет әкеліп қана қоймай, бүгінгі күні жаңа қауіптер көзі болып табылады.

Осыны халқымыздың игілігі, еліміздің салауатты дамуы, өмірінің 27 жылын Отанымыздың  шынайы тәуелсіздігін алуға арнаған азаматтарымыз үшін жасауымыз керек!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ