Қазақстанға реформалар не үшін қажет

Қазақстанға реформалар не үшін қажет

Біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы арманы болған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгендігіне де жиырма жылдан астам уақыт өтті. Тәуелсіздік еліміздің мол мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықты лайықты және заманауи тұрмыспен қамтамасыз етуге жол ашатын ұлы мүмкіндік. Алайда, талай жылдар өтсе де, біздің көптеген азаматтарымыздың тұрмыс-жағдайы  жақсарудың орнына, күннен-күнге нашарлап барады. Бүкіл әлем серпінді дамуда, алға қадам басуда – ал біздің жерімізде уақыт тоқтап қалғандай.

Қазақстанның табиғи байлығы халықтың жағдайын жоғарғы әлемдік стандарт деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе де, халықтың 40 пайыздан астамы  жоқшылықта өмір сүріп жатыр, ал тағыда 50 пайызы соның кебінін киюде! Қазақстан қазіргі заманға мүлде сай келмейтін сорақы әлеуметтік жіктелудің мекеніне айналды! Елдегі 10 пайыз ең бай адамдардың табысы — сондай пайыз   жағдайы аса нашарлардың табысынан 40 есе асып түсуі  –   халқымыздың тұрмыстық қал-ахуал жағынан жіктелуін әлемдегі әлеуметтік кикілжің тудыруға әкелетін ең жоғары деңгейінің  көрсеткіші!

Тәуелсіздік деген ұғымды —  халықтың мүддесі үшін, оны туған жерінде нығайтып, барлық материалдық және зияткерлік мүмкіншілікті Қазақстанның жан-жақты дамуына   қолданудың орнына – елде  басшылығы ауыспайтын, авторитарлық, ашығын айтсақ, феодалды-патронаждық билік жүйесін қалыптастырды.  Мемлекет билік элитасының жемқорлық тетігіне – оның қоғам байлығын меншіктеп, халықтың мүлкін жеке пайдасына иемденуіне мүмкіншілк беретін, осылай қалыптасқан тәртіптің түпкілікті орнауының идеялық негізі және қорғаушы құралына айналды. Нәтижесінде бұл жол, байлық пен капиталды шетелге асыруға негізделген шикізатқа тәуелді экономикаға, биліктің өз халқына деген антиәлеуметтік көзқарасына, басқаша саяси ой-пікірге деген шыдамсыздыққа, өмірдің барлық саласындағы үдей беретін әділетсіздікке әкеп соқтырды.

Біз осындай жағдайларға көзіміз жетіп отырса да, оны түзету мүмкін емес деп есептеп, төзімділік танытамыз, тіпті мемлекеттің өзін де, барлық ұлттық байлықтарымызды да өзімізге ешқандай қатысы жоқ, абстракті ұғым ретінде қабылдаймыз. Біз қоғамымыздың өркендеп дамуының жолдарын, мақсаттары мен айқын болашағын елестете алмағандығымыздан – өзіміздің ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы азаматтық жауапкершілігімізді сезіне алмаймыз.

Мұның бәрі қоғамдағы ауызбіршілікке жік түсіріп, алаңдаушылық пен үрейді күшейте түседі, әлеуметтік толқуларды туындатып, экстремизм мен лаңкестіктік әрекеттердің ұлғайуына жол ашады.

Қазақстанның тәуелсіздігіне қатер төндіретін, алдын ала ойластырылмаған халықарарлық интеграциалық бастамалар да бүгінгі билеуші топтың шіміркпейтін өзімшілдігі мен “уақытша” психологиясының, олақтығы мен жауапсыздығының салдары деп білу керек. Қорыта айтқанда, Қазақстанда елді басқарушы топтың мақсаттары мен халықтың алға қойған мақсат- мүдделері көбінесе бір біріне сәйкес келмейтін, қарама қайшы түсініктер туғызатын жағдайда қалыптасуда.

Президенттің «Қазақстан-2030» бағдарламасының мерзімнен бұрын аяқталғанын жариялап және 2050-ші  жылға дейін  жоспарланған Стратегияны ұсынуы   биліктің қоғамдық өмірдің барлық салаларында тоқырауды консервациялайтын саясатының тұрақты бекігенін, көрсетеді. Биліктің осындай, барлық әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды тығырыққа тіреуінің нәтижесінде елдегі тұрақсыздық күшейіп, халық наразылығының толқуларға ұласуы әбден мүмкін!

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ (ЖСДП) елдегі жағдайдың бұлай қалыптасуына жол бермеу керек деп есептейді!  Қазақстан халқы елдегі жағдай туралы барлық шындықты, үрей мен дағдарыстың шырмауынан шығып, қазіргі заманғы дамудың даңғыл жолына қалай қадам жасауды  білуі тиіс!

Біздің партия мұндай мақсатқа қол жеткізудің аса тиімді жолы –социал-демократиялық жол екеніне сенімді!

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ