«Ақиқат» ЖСДП Саяси кеңесінің. Мәлімдемесі

«Ақиқат» ЖСДП Саяси кеңесінің. Мәлімдемесі

Мәлімдемесі

Біздің партия 1 мамырда Астана және Алматы қалаларында өткен жаппай бейбіт шерулерге қатысты биліктің әрекетіне наразылығын білдіреді!

Бүгінгі күні бейбіт шерулерге қатысты қатаң тиымдар мен қауіп-қатерлерге қарамастан халқымыздың алаңдарға шығуы, бір адамның жеке амбициясы немесе шетелден айтылатын мифтік ертегілердің қатысы жоқтығын авторитарлық режим өкілдерінің түсінуі керек. Шерулерге шығудың басты себебі, әлеуметтік әділетсіздік, жемқорлық, шенеуніктердің немқұрайлығы мен биліктің халықтан толық оқшаулануы болып отыр.

Қазақстандықтар ертеңгі күніне алаңдап, билікке  сенімсіздік  тудырып, үміт артудан шаршады.

Қазақстан халқы  азаматтық және саяси құқықтарын құрметтеуін талап етуде, себебі билік сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар мен әділ сайлау сияқты құқықтардың асырылуына шек салып отыр.

Біздің партия митингілерде қойылған талаптармен толыққанды ортақтасып,  тұтқындалғандардың барлығын босатылуын және ақталуын талап етеді.

1 мамырдағы жаппай шерулер елге шұғыл демократиялық реформаларға, және әлеуметтік мемлекет болуына бет бұру керектігін көрсетіп отыр. Қазақстанға шынайы саяси өзгеріс ауадай қажет және биліктің бұл жағдайды түсінудің соңғы мүмкіндігі қалды. Әйтпесе, ертеңгі күні полиция ешкімнің наразылығын тоқтата алмайды.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ