«Қала аймақтарын көгалдандырудың заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстелінің қарары

«Қала аймақтарын көгалдандырудың заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстелінің қарары

Аумақтарды көгалдандыру елді мекендердің аумақтарын тұрақты және үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды рөл ойнайды. Дәл жас екпелер өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көлік жағынан атмосфералық ауаға жағымсыз әсерді төмендете алатын қалалардың экожүйесінің жалғыз компоненті болып табылады. Көгалдандырылған аумақтардың және көгалдандыру жүйесінің жағдайы бойынша халықтың өмір сапасы туралы пікір айтуға болады.

Елді мекендерді жоспарлаудың, құрылысының және абаттандырудың барлық өзара байланысты міндеттерін ойдағыдай шешу үшін халыққа ең жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және қала құрылысының барлық түрлерінің, оның дамыуының келешегін қоса алғанда, сәулет-жоспарлау шешімдердің үнемділігі үшін қажет.

Азаматтық қоғамның міндеті көгалдандыру және халықтың қалың топтары арасында жас көшеттердің маңыздылығын насихаттау, сонымен қатар жас екпелерді дамыту және қорғау жөніндегі заңнамалық нормаларды іске асыруға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарға тікелей қатысу жолымен елді мекендерді көгалдандыру мәселелерін шешуге жәрдемдесу болып табылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін

Ұлттық деңгейде:

— Орхур конвенциясының нормаларына және ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес елді мекендерді көгалдандыру мәселелері және қоршаған ортаны жақсарту бойынша жас екпелермен экологиялық функцияларды орындау мүмкіндігі бойынша шешімдерді қабылдауда жұртшылықтың нақты қатысуын қамтамасыз ете отырып, көгалдандыру мәселелеріне нормативтік талаптарды ретке келтіру;

— 50-ден астам ағашты құлатқан кезде қоғамдық тыңдауларды міндетті өткізу туралы норманы енгізу;

— жас екпелерді құлату және қайта құру туралы мәселелерді шешу үшін 1/3-тен кем емес жұртшылық өкілдерінің міндетті қатысуымен жасыл комиссияны құру;

— жас екпелердің экономикалық құнын есептеген кезде олардың экологиялық функцияларын есепке алу: көмірқышқыл газдарды және атмосфералық ауадан басқа ластануларды және суды қорғау функцияларды жою;

— жас екпелерге және халықтың денсаулығына келтіретін зиян үшін жазаны түбегейлі күшейту;

Жергілікті деңгейде:

— 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Респубилкасының Ұлттық экономика министрінің № 235 бұйрығымен бекітілген Жас екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларына сәйкес елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру тізілімін құру және оған енгізу бойынша жұмыстарды орындау;

— қоршаған ортаның күйіне мониторинг сапасын арттыру қажет.

 ЖСДП Павлодар облыстық филиалы

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

ВВЕРХ